spot_img
spot_img

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен азаматша Д.-ға қатысты іс қаралды.

        Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес,азаматша Д. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған Б.-ның сағат 01:00 уақыт шамасында  заңды өкілінің еріп жүруінсіз болуына жол берген.

       Азаматша Д. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылған.

       Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болғаны және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болғаны үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

       Сот қаулысымен азаматша Д. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 18090 теңге көлемінде мемлекет пайдасына айыппұл салынды.

           Қайнар: Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...

Қазақстан Конституциясы – Тәуелсіздігіміздің тұғыры

1991 жылы Қазақстан өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде...

Сот шығындарының мән жайлары

Сот шығындары азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және...