spot_img
spot_img

Жаңа жылда баспана бағасы қалай өзгереді?

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың айтуынша, 2026 жылдың басында тұрғын үй бағасы күрт 20 пайызға қымбаттайды деген сөз шындыққа жанаспайды.

BAQ.KZ тілшісі депутаттың баспана бағасына қатысты 2026 жылға болжамын сұрап көрді.

Дәулет Мұқаевтың түсіндіруінше, қаңтар-наурыз айлары аралығында тұрғын үйге деген сұраныс әдетте төмендейді.

Осы кезеңде құрылыс компаниялары керісінше бөліп төлеу мүмкіндіктерін ұсынып, қосымша жеңілдіктер жасайды. Сондықтан бағалардың дәл жаңа жылдың өзінде күрт өсуі күтілмейді, — деді ол.

Мұқаев баспана бағасының көктем айларында, дәлірек наурыздан бастап сұраныстың артуына байланысты біртіндеп қымбаттауы мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен қатар депутат жаңадан қабылданған Салық кодексіне қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, салық өзгерістері биыл құрылысы басталып кеткен тұрғын үй жобаларына әсер етпейді. Жаңа талаптар тек 2026 жылдан бастап құрылыс жұмыстары басталатын нысандарға ғана қатысты болады.

Бұл өзгерістер ең көп дегенде шамамен 10 пайыздық бағаның өсуіне алып келуі мүмкін. Ал 20 пайыздық қымбаттау туралы айтылғаны – шындыққа жанаспайтын асыра айтылған ақпарат, — деді депутат.

ҚҚС төлеушілер нені білуі керек: Негізгі талаптар мен мерзімдер

ҚҚС бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы...

Аймағамбетов 2026 жылы азаматтардың өмірін жеңілдететін өзгерістер болатынын айтты

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 2026 жылға арналған жоспарлары туралы...

Жеңілдетілген режим жойылды: 1 қаңтардан бастап бизнесті қалай жабуға болады

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық төлеу тәртібі...

Тоқаев Назарбаевтың Путинмен кездесуіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген көлемді сұхбаты...