12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Президент Конституцияға енгізілетін түзету өте көп болуы мүмкін екенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог платформасында сөз сөйледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, нағыз кәсіби Парламент жасақталуы керек.

«Заң шығару органына білікті әрі тәжірибелі мамандар, яғни өз ісінің майталмандары келуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, біз нағыз кәсіби Парламентті жасақтауымыз керек. Жаңа комитеттер құру мәселесін қарастыру қажет. Цифрландыру, аймақтарды дамыту жұмысымен айналысатын комитеттер өз алдына бөлек болғаны жөн деп санаймын. Бұл мәселелерді арнайы жұмыс тобы мұқият зерделейді. Осы реформаға қатысты басқа да көптеген ұсыныс бар. Соның бәрін әбден пысықтап, кейін жариялаймыз. Менің де осы аса маңызды реформа бойынша ұсыныстарым бар», — деді Тоқаев.

Президенттің пікірінше, Конституциямызға енгізілетін түзету өте көп болуы мүмкін.

«Сондықтан референдум барысында халық жаңа Ата Заңға дауыс беретін болады деп айтсақ, қателеспейміз. Осындай күрделі, жауапты жағдайда елімізде тыныштық, тұрақтылық болуы керек. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын бәріміз бір қоғам болып сақтауымыз керек. Құқық қорғау органдары өз кәсібилігін көрсетуі қажет. Арандатушыларға немесе «лас, көлеңкелі» саясатпен айналысқысы келетін адамдарға жол бермейміз», — деді Мемлекет басшысы.

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел Түркиядан қайтарылды

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел Түркиядан...

Қолма-қол ақша алуға шектеу енгізілгені рас па?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда банк шоттарынан қолма-қол...

Астана, Алматы: бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. "9...

2025 жылы 30 миллион доллар: Ұлттық қордың ақшасы балалардың шотына қашан аударылады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2025 жылғы "Ұлттық қор – балаларға"...

Тұман, боран, көктайғақ: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, көптеген аймақтарда тұман, қар, көктайғақ пен боран...