12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Президент Ашхабад қаласына барды

Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов келіссөз жүргізді.

Түрікменстан басшылығының осы маңызды іс-шараға шақыруын ерекше ықыласпен қабыл алдым. Ертең талқыға түсетін мәселелер қазіргідей алмағайып, бұлыңғыр жағдайда әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы аясында өте өзекті деп ойлаймын. Аталған форум табысты өтетініне сенімдімін. Бұл басқосу Түрікменстанның жаһандық ауқымдағы ахуалды тұрақтандыруға, сондай-ақ Орталық Азиядағы достық пен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынасты нығайтуға қосқан тағы бір елеулі үлесі болмақ, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарына оң баға беріп, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына орайластырылған форумға қатысуға келгені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдіріп, екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелеріне тоқталды.

Өзара қарым-қатынас туралы сөз қозғағанда, Түрікменстан Президентінің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарын айтпай кетуге болмайды. Сапар жоғары деңгейде өтті. Экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Екі ел ықпалдастығын дамытуға елеулі үлес қосқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Сондай-ақ барша бауырлас қазақ халқына ізгі тілегімді жолдаймын, – деді Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы.

Көлік жүргізушілер енді барлық құжатты алып жүруі керек пе?

"WhatsApp желісінде тарап жатқан, "енді жүргізушілер барлық құжатты міндетті...

Ерлан Қошанов: Биыл 100 заң қабылданды

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар биыл 100 заң қабылдағанын айтты.

Алматы автобустарында жолақысын төлеудің жаңа тәсілі енгізілді

Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің қосымша тәсілі іске қосылды. Енді автобус төлемін елдегі танымал банктердің бірінің QR-коды арқылы төлеуге болады.

Жеңілдік пен 16% салық: Жаңа Салық кодексінің басты өзгерістері

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңартылған ережелері күшіне енеді. Құжатта ҚҚС мөлшерлемелері, салық салынбайтын операциялар, есепке жатқызу тәртібі және декларация тапсыру мерзімдері нақты айқындалған.