spot_img
spot_img

Әлем халқының қанша пайызында коронавирусқа антидене бар?

Әлем халқының 10 пайыздан азында коронавирусқа антиденелер бар. Бұл туралы ДДҰ бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан айтты, — деп хабарлайды РИА Новости

Ұйымның Twitter-де шыққан сұхбатында Сваминатан ДДҰ әлемнің кейбір қаласында инфекция ошақтарын талдайтын зерттеулерді қадағалап отырғанын атап өтті. Зерттеу нәтижелері кейде қала халқының кемінде жартысында коронавирусқа антиденелер бар екенін көрсетсеткен, алайда бұл ұжымдық иммунитетке қол жеткіздік дегенді білдірмейді.

«ДДҰ осы эпидемияға қарсы зерттеулерді қадағалап отыр, соңғы есептеулер бойынша, олардың саны 500-ге жуық болды. Ал оларды бірге қарастырсақ, әлем халқының 10 пайыздан азында бұл вирусқа қарсы антидене бар», — деді Сваминатан.

«Әрине, кей жерде, мысалы, халық тығыз орналасқан қалалық жерлерде халықтың 50-60 пайызы вирус жұқтырып, кейін антиденелері пайда болды. Алайда мұны бүкіл қала, провинция, штат немесе ел ұжымдық иммунитетке қол жеткізді деп айтуға болмайды», — дейді сарапшы.

Сваминатан ұжымдық иммунитетке дүниежүзілік масштабта қол жеткізудің жалғыз жолы — вакцинация екенін мәлімдеді.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...