12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ішкі істер органдарында қызмет ету – жоғары жауапкершілік пен батылдықты талап ететін мәртебелі міндет

Ішкі істер органдарында қызмет ету – жоғары жауапкершілік пен батылдықты талап ететін мәртебелі міндет. Бұл салада тек ер азаматтар ғана емес, өз кәсібіне адал, мықты рухты әйел қызметкерлер де табысты еңбек етіп келеді. Солардың бірі – бүгін зейнеткерлік демалысқа шыққан Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің жеке құраммен жұмыс бойынша бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Динара Токмуханбетовна Карабаева!

Ол ұзақ жылдар бойы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, халыққа қызмет көрсету бағытында 24жылдан аса аянбай еңбек етті. Қиындыққа толы күндер де, қуанышқа бөлеген сәттер де болды. Бірақ ол әрқашан өз міндетіне адал болып, кәсіби біліктілігін арттырып, әріптестеріне үлгі бола білді.

Әйел ретінде отбасылық жауапкершілікті де, қызметтік міндетті де үйлестіре білгені – оның ерік-жігерінің айғағы. Қоғамның тыныштығын сақтау жолында көрсеткен еңбегі бүгінгі және келер ұрпақ үшін үлкен өнеге.

Сіздің мемлекет мүддесіне берілгендігіңіз, адал қызметіңіз бен белсенді өмірлік ұстанымыңыз – Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады.

Сізді әрқашан жоғары кәсібилігіңіз, ұйымдастырушылық қабілетіңіз, жауапкершілігіңіз бен жетекшілік дарыныңыз ерекшелендіріп тұрды. Қызмет барысында талай қиындықты сабырмен еңсеріп, әріптестеріңізге демеу, жас мамандарға бағыт-бағдар бола білдіңіз.

Өмір жолыңызда тек жақсылықтар жолдас болып, қуанышты күндеріңіз көп болсын. Зор денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр, отбасыңызға тыныштық пен татулық, шаңырағыңызға береке-бірлік тілейміз.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде арнайы есеп бөлімі қызметінің қорытындысы шығарылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекемесінде «Оралханның тәрбиелік ойлары» атты кинопоказы мен кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде...

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...