ЗК-169/4 мекемесінде сотталғандардың қатысуымен «Еңсесі биік Елорда» тақырыбында іс-шара өтті

05.07.2022 жылы Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде сотталғандардың қатысуымен «Еңсесі биік Елорда» тақырыбында іс-шара өтті. Мекеменің психолог маманы Ақгүл Аманованың ұйымдастыруымен өткізілген шараға 10 сотталған қатысты.

Алдымен, психолог маман Қазақстан астанасының құрылу, қалыптасу кезеңіне тоқталып, елордадағы әлемдік деңгейдегі бірегей мәдениет ошақтарына шолу жасады.
Одан соң, сотталғандарға танымдық викториналық сұрақтар қойылды. Қамаудағы С. есімді азамат белсене жауап беріп, жалпы еліміздің бас қаласы Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі, Қазақ елінің қасиетті құндылығы екендігін айтып, өз жанына шығарған өлеңін оқыды.

– Тәуелсіз еліміздің тарихын білу әр азаматтың парызы. Сондықтан да, бүгін біз сотталғандардың бойында патриотизм рухын нығайту мақсатында, насихатттау жұмыстарын ұйымдастырдық. Бүгінгі шара сотталғандардың көзқарастарын өзгертуге, елжандылыққа баулып, отаншылдық сезімін арттыруға игі ықпал етті – деп ойлаймын дейді, мекеме психологы.

В области Абай сотрудники женской колонии отметили День здоровья спортивными соревнованиями

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось спортивное...

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...