Жыл басынан бері қанша қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды?

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері қанша қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылғанын Massaget.kz тілшісіне хабарлады. Көш басында Қарағанды облысы тұр.

Жыл басынан бері ІІМ мәліметтері бойынша 22 773 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылыпты. Олардың басым бөлігі, яғни 18 мыңнан аса жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген.

«Жүргізуші куәлігінен айырылудың негізгі себептері — көлікті алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жүргізу, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру болып табылады», — делінген хабарламада.

Өңірлер бойынша соңғы екі жыл ішінде (2023 жылы және 2024 жылғы 9 айда) жүргізуші куәлігінен айырылғандардың саны салыстырмалы түрде төмендегідей болып тұр:

Астана қ. 2156–2136

Алматы қ. 3157–2656

Шымкент қ. 1501–1674

Абай обл. 592–539

Ақмола обл. 1593–1239

Ақтөбе обл. 1987–1617

Алматы обл. 749–961

Атырау обл. 937–912

ШҚО 1454–1442

Жамбыл обл. 732–608

Жетісу обл. 370–473

БҚО 1522–1189

Қарағанды обл. 2273–1983

Қостанай обл. 1001–905

Қызылорда обл. 896–616

Маңғыстау обл. 770–919

Павлодар обл. 1012–928

СҚО 929–706

Түркістан обл. 1109–1055

Ұлытау обл. 202–215

Ал жүргізуші куәлігін қайтарып беру бойынша 2024 жылы 7900 мемлекеттік қызмет көрсетілген екен.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.