Жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлік рәсімдеуге бола ма?

Жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлік рәсімдеуге бола ма? Толығырақ — Tengri Auto материалында.

Жүргізуші куәлігі болмаса, көлікті қалай сатып алуға болады?

Заңгер Жаслан Айтмағанбетовтың айтуынша, көлікті тіркеуде еш қиындық болмайды.

«Адам жүргізуші куәлігі болмаса да, көлікке иелік етуге толық құқығы бар. Бұл заңды және көптеген адам өз бетінше көлік жүргізе алмай немесе қаламай, көлігін басқару үшін жүргізуші жалдайды. Заңнама жүргізуші куәлігінің болмауына байланысты көлікті иелену мүмкіндігін шектемейді», — дейді заңгер.

Жүргізуші куәлігінсіз сақтандыру рәсімдеуге болады ма?
 
Сақтандыру бойынша, жағдай біршама ерекшеленеді. Айтмағанбетовтің айтуынша, сақтандыруды рәсімдеу үшін жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі қажет. Себебі сақтандыру компаниялары жүргізуші сыныбын оның жүргізу тәжірибесі мен жол апаты тарихына қарай анықтайды. Жүргізушіде жол апаты неғұрлым көп болса, сынып соғұрлым жоғары болады және сәйкесінше сақтандыру сомасы да. Жүргізуші куәлігінсіз сақтандыру компаниясы мұндай бағалауды жүргізе алмайды және сақтандыруды рәсімдеуден бас тартуы мүмкін.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Елімізде кәсіпкерлерге лицензия беру тәртібі өзгерді

Қазақстанда бизнеске арналған кейбір лицензиялар мен рұқсат автоматты түрде беріле бастады. Бұрын лицензия алу үшін 15–30 күн күту керек болса, енді оны жылдам ала аласыз.

Қазақстан ағылшын тілін меңгеру рейтингінде сегіз сатыға көтерілді 

Халықаралық EF Education First білім беру компаниясының жаңа деректеріне сәйкес, Қазақстан 424 балл жинаған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 417 балл болған. Ал былтыр рейтингте 104-орында тұрған Өзбекстан биыл 101-сатыға жайғасты.

АӘК алу қиындай ма? 2027 жылдан бастап не өзгереді? 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау және төлеу қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

Желтоқсандағы демалыс: Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады? 

Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады? 2026 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда...