12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖОҒАРЫ

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қазан айының басында Шымкент қаласында тіркелген автокөліктердің саны 231 547 болды. Өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,2 пайызды құрады. Бұл жағынан Шымқала Алматы мен Астанадан алда тұр.

Қалада ескі көліктердің үлесі басым. Атап айтқанда, жеңіл көліктердің тек 16243-і ғана соңғы 3 жылда шыққан. Ал мінілгеніне 20 жылдан асқан көліктер саны 65945-ті құрап отыр. Жүк көліктерінің де басым бөлігін жолда жиырма жылдан артық жүргендер құрайды. Дегенмен, Шымкентте жолаушылар қауіпсіздігіне айрықша мән берілетіні аңғарылады. Өйткені, қала ішіндегі бағыттар бо йынша жолаушы тасымалдайтын автобустардың басым бөлігі жаңадан шыққан. Сонымен бірге жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелер жыл сайын автобустарды тексеріп, үнемі жөндеуден өткізіп, қауіпсіздікті қаперінде ұстап отыр. Автобус паркін жаңа көліктермен жаңарту мәселесі де назардан тыс қалған емес.

Шымкентте 6714 көше бар

Шымкент халқының жүз адамға шаққанда 16,7 пайызы жеке көлікпен қамтамасыз етілген. Осы арада республикадағы орташа көрсеткіш 23,3 екенін айта кеткен жөн шығар. Шаһар еліміздегі үшінші мегаполис болғалы қаладағы көлік саны жыл сайын артып келеді. Одан бөлек, облыс аумағынан күн сайын қалаға 100 мыңға жуық көлік қатынайды. Бұл жол инфрақұрылымына едәуір жүктеме түсіруде. Мәселені шешу мақсатында биыл жол инфрақұрылымына бюджеттен бөлінген қаражат көлемі 13,2 млрд теңгеге ұлғайтылып, 60 млрд теңгеге жеткізілді.

– Жалпы жоспар бойынша құрылысы басталған 384 шақырым жолдың биыл 286 шақырымы пайдалануға берілді. Жыл соңында жақсы жолдардың үлесі 71 пайыздан 75 пайызға артатын болады. Өкінішке қарай, ауыр жүк көліктері жолдарға жүктеме түсіріп, жолдың тез бұзылуына әсер етіп отыр. Сондықтан бірінші кезекте қалаға кіретін 3 негізгі бағыттағы көшелерге рұқсат етілген салмақтан артық жүк тиеген автокөліктерді автоматты түрде анықтайтын жүйе іске қосылады. Осындай жүйелер келешекте қалған бағыттарға да орнатылатын болады, – дейді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков. Әкімнің айтуынша, қаланың транзиттік өткізу қабілетін арттыратын Қонаев даңғылының жалғасы мен А-2 автомобиль жолын қайта құруға және Оңтүстік айналма жолдарының құрылыстарына басымдық беріліп отыр. Бүгінде 16 шақырым болатын Оңтүстік айналма жолы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін А-2 айналма жолының 3,7 шақырымын толығымен аяқтап, асфальт төселіп, көліктердің жүруіне жағдай жасалады. Қалалық әкімдіктің есебі бойынша, биыл алғаш рет барлық көше желісіне ревизия жүргізіліп, цифрлық паспортизациядан өткізілген. Соның нәтижесінде, көшелер саны 4199-дан 6714-ке дейін, ал олардың ұзындығы 3248-ден 3899 шақырымға дейін ұлғайды. Көлік ағымын реттеп, кептелісті азайту мақсатында 238 бағдаршам интеллектуалды көлік жүйесіне қосылуда. Сонымен қатар көп жылдан бері өзекті болып келген Шымсити, Тұран шағын аудандарының көше қиылыстарына қосымша бағдаршамдар орнатылады. Шаһар басшылығы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық көлік жүйесінің қызметіне ерекше мән беріп отыр. Соның нәтижесінде биылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтардың санатына 70 жастан асқан зейнеткерлер мен мектеп оқушылары енгізілді. Сондай-ақ автобустардың аялдамаға тоқтамауы және арнайы орындардан тыс жерлерден жолаушыларды отырғызу, түсіру, кешігу фактілері бойынша тасымал даушы компаниялардың жауапкершілігі күшейтіліп, айыппұл көлемі ұлғайтылды. Қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылап, кестеден ауытқуды автоматты түрде айқындайтын жүйені енгізудің нәтижесінде 585,5 млн теңге бюджет қаржысы үнемделді. Жеке инвестор есебінен теміржол вокзалы қайта жаңартылып, онда жолаушыларға барлық қолайлы жағдай жасалған. Енді жыл соңына дейін жаңа әуежай терминалы іске қосылып, бұл қаланың әуе көлігі жолаушыларын өткізу қабілетін он есеге арттырады.

Жүк көлемі көбеюде

Статистика бойынша, биылғы қаңтар-қазанда темір жол көлігі арқылы тасымалданған жүк Шымкент қаласында 16 мың тоннаны құрады. Жүк көлемі жылдан-жылға көбеюде Соның нәтижесінде, қала темір жол арқылы жүк тасымалдауда республикадағы ең жоғары көрсеткішке жеткен аймақ аталып отыр. Шым қала мұнымен ғана шектеліп қоймай, жүк айналымы, жолаушылар тасымалдау мен жолаушылар айналымында да республика бойынша ең үздік көрсеткішке қол жеткізген. Шаһарда автомобиль және қалалық электр көлігі арқылы тасымалданған жүк 2023 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 151 пайыз, жүк айналымы 142,6 пайыз, жолаушы тасымалдау 80,6 пайыз, жолаушылар айналымы 87,8 пайызды көрсетті. Яғни, Шым қаланың көлік тасымалындағы көрсеткіші көңіл қуантарлық өсімге ие деуге болады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Елімізде қандай дәрігерлер жетіспейді?

Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы өте өзекті мәселе екенін мәлімдеді.

Перизат Қайрат ісі: ҚМА блогерлердің қатысы туралы сұраққа жауап берді

Ақша жымқырды деген күдікке ілінген қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың ісіне блогерлердің қатысы бар ма? Бұл сұраққа Қаржы мониторингі агенттігі жауап берді.

29 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер бүгін, 29 қарашада елдің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Сенат ЕАЭО аясында қоймалық куәліктер туралы заңды мақұлдады

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңын мақұлдады.

ҰҚШҰ отырысы: Астанаға қай елдің президенттері келді?

Бүгін Астанада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді.