ЖИ жұмыс орындарын қысқарта ма? Қазақстан мәселені қалай шешпек

Мәжілістің бүгінгі отырысында депутат Анас Баққожаев Қаржы министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдеріне жасанды интеллект енгізілген компанияларда қызметкерлер санын қысқартуға байланысты салық салу және әлеуметтік қолдау мәселесі бойынша сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Баққожаевтың айтуынша, жасанды интеллекттің дамуы жұмыс орындарының қысқаруына әлемдік деңгейде ықпал етеді.

Ауыл партиясын алаңдататын жұмыссыздық мәселесі жақын арада отыз пайызға дейін жетуі мүмкін. Көп мемлекет шартсыз базалық төлемдерді қарастырып жатыр. Бізде осындай жоспарлар бар ма? Жасанды интеллект арқылы қызметкерлерді қысқартқан компанияларға жаңа салық түрлері енгізіле ме? – деді депутат.

Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысoв жаңа жүйелердің жоспарын түсіндірді.

Бүгінде біз «Яндекс» платформасының негізінде жұмыс істейтін платформа-агент жобасын жасап жатырмыз. Бұл азаматтар мен бизнес үшін салық бойынша барлық сұрақтарды түсінікті тілде шешуге көмектеседі. Болашақта жасанды интеллект көмегімен салық есептілігін жеңілдетіп, әлеуметтік мәселелерді де шешуді жоспарлап отырмыз, – деді Тұрысoв.

Вице-министрдің айтуынша, жүйе барлық азаматтар үшін біртұтас және ыңғайлы болады, сонымен қатар ірі және шағын бизнеске де кеңес береді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев жасанды интеллекттің дамуы кейбір көмекші қызметкерлерге әсер ететінін, бірақ олардың қайта даярлау арқылы жаңа мамандықтарға бейімделетініне тоқталды.

Қазір елімізде 2 миллион 39 мың адам жұмыс істейді, оның басым бөлігі – көмекші қызметкерлер. Жасанды интеллект енді біртіндеп автоматизацияны енгізгенде, біз олардың жаңа мамандықтарға қайта даярлануын қамтамасыз етеміз. Жұмыс орындарын сақтау және жаңа цифрлық дағдылар беру – басты мақсатымыз, – деді Ертаев.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.