ЖИ әсерінен 400 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев Сенатта өткен брифингте жасанды интеллекттің жаппай енгізілуі Қазақстанның еңбек нарығына қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның сөзінше, бұл процесс енді ғана басталып жатыр.

Өздеріңіз білесіздер, бізде еңбек нарығына болжам жасайтын Еңбек ресурстарын дамыту орталығы бар. Олардың дерегіне сүйенсек, алдағы 10 жылда жасанды интеллекттің жаппай енгізілуіне байланысты кейбір жұмыс орындары қысқаруы мүмкін, – деп атап өтті вице-министр.

Айтуынша, бұл негізінен көмекші персоналға, бухгалтерлерге, заңгерлерге және адамның тікелей қатысуын қажет етпейтін мамандықтарға қатысты.

Осындай бағыттар бойынша шамамен 300-400 мың жұмыс орны есептелді. Біз бұл санды білеміз, сондықтан қазір адамдарды қайта оқытып жатырмыз. Жыл басынан бері 186 мың адамды басқа мамандықтарға қайта даярладық. Мұндай жұмыс барлық өңірде қатар жүргізіліп жатыр, – деді Ербол Тұяқбаев.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.