Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Қауіпсіз қала» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында пробация есебінде тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында сотталғандардың тұрмыстық және әлеуметтік жағдайлары жан-жақты зерделеніп, сот жүктеген міндеттер мен шектеулердің сақталуы қатаң бақылауға алынды. Сонымен қатар, олармен жеке профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.

Аталған іс-шара аясында сотталғандарға заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ қоғамға бейімделу және тұрақты өмір салтын қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

«Басты мақсатымыз – сотталғандардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу және оларды қоғамға бейімдеу. Осындай тексеру іс-шаралары арқылы олардың тұрмыс жағдайын бақылап, жұмысқа орналасуына, әлеуметтік қолдау алуына ықпал етеміз. Заң талаптарын сақтаған азамат қана қоғамға қауіп төндірмейді», – деп атап өтті Ескелді аудандық пробация бөлім бастығы әділет капитаны Едіге Кеңесов.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...