«Жетісу» футбол клубының директоры қамауға алынды

«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынды. Ақпаратты Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу соты растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сот шешімі бойынша, Д.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуды санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды», — делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін БАҚ-та «Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Ол ұрлық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды.

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады.

19 наурызға арналған ауа райы болжамы 

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы...

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

2027 жылдан бастап қазақстандықтар 15 наурызда демалатын болады. 30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.