spot_img
spot_img

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының және Астана қаласы бойынша ҚАЖК-нің Бас қауіпсіздік қызметінің жедел уәкілі, әділет капитаны Шоканов А.Ш.-ның қатысуымен жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті.

Кездесу тақырыбы – қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу және қызметтік тәртіпті сақтау.

Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары, қызметтік әдеп нормалары, сондай-ақ заң бұзғаны үшін жеке жауапкершілік туралы еске салынды.

Құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары, басшылық тарапынан бақылауды күшейту және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қызметтік ортада заңсыз әрекеттердің алдын алу мен оларды уақтылы анықтаудың маңыздылығы атап өтілді.

Аталған профилактикалық кездесу іскерлік және ашық түрде өтіп, қызметкерлер арасында құқықтық сана мен жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Следственный изолятор г.Кокшетау посетила министр здравоохранения РК

Министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова, в рамках рабочей...

В учреждении №21 состоялся литературный вечер, посвященный 180-летию Абая

В Абайской области состоялся практический литературный вечер «Абай тағылымы»,...

Абай облысында жас қызметкерлерді Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру күні өтті

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеу құрметіне Абай облысының әйелдер...

Астанадағы СИЗО-да қайтадан аяқ киімнің табанында телефонды өткізуге жасалған әрекет тоқтатылды

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №64 мекемесінде тағы...