Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

Жұмыспен қамту органдарында 2026 жылғы маусым айының соңына 333,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

2026 жылғы II тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуі деректері бойынша жұмыс күшінің саны 9844,5 мың адамды құрады. Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9399,9 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 7253,2 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 77,2%) жалдамалы қызметкер болса, 2146,7 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 22,8%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,3% құрады.

Өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 99,5 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы қызметкерлердің есебінен өсті.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,8%), білім беру (13,3%), өнеркәсіп (12,4%) және ауыл шаруашылығы (10,5%) салаларында байқалды.

Жұмыс істемейтін, білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 5,7%-ды құрады.

15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2026 жылғы маусым айының соңына 333,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген.  Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,4%-ын құрады.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.