Жаңа теңгенің енгізілуі: Қазақстанда қандай банкноттар ауыстырылады?

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда алдағы уақытта қандай номиналдағы банкноттар жаңартылады деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жақында «Сақ стилі» сериясынан 10 мыңдық купюра айналымға шықты, оның алдында 5 мыңдық болды. Келесі қандай банкнота кезекте?» — деп сұрады журналистер Сүлейменовтен Ұлттық банкте өткен брифингте.

«Қалғанының бәрі (…) Қателеспесем, ол купюралар бойынша емес қой, бірден бүкіл купюра желісі бойынша ауысады. Яғни, бес, он және қалғаны (олардан кейін – еск.) кетеді: екі мың, мың (теңге)», – деп жауап берді Сүлейменов.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.