Жаңа үш облыстың автокөлік коды жарияланды

Ішкі істер министрлігі Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында автомобильдерге қандай код берілетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда көлік құралын тіркеу кезінде өңірді сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық белгі қолданылады (қазір — 1-ден 17-ге дейін).

«Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына байланысты қазақ әліпбиіндегі тәртіппен беріледі. Осыған байланысты жаңадан бөлінген үш облысқа: Абай облысы — 18, Жетісу облысы — 19 және Ұлытау облысы — 20 кодын беру ұсынылды», — деді ІІМ өкілдері.

Жаңа облыс тұрғындарына бұрынғы нөмірлерін ауыстыру қажет емес екені де айтылды.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.