12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жаңа нормалар жүйе жұмысын жақсартады

Биылдан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі жаңа нормалармен толықты. Солардың бірі – 27-1 және 28-1 баптар.

27-1-бап азаматтық істердің облыстық және оған теңестірілген соттың соттылығына жатқызылуына тоқталсақ, облыстық және оған теңестірілген соттарға тараптар келіскен жағдайда осы өңірдің аудандық, қалалық, сондай-ақ, оларға теңестірілген соттарының іс жүргізуіндегі біртекті істердің бірін алып, бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарап, шешу құзыреті берілді.

Ал, Жоғарғы Сот тараптардың келісімі бойынша үлгілі сот актісін қарап, шығару үшін істі аудандық соттан да, облыстық соттан да талап ете алады. Бұл норма әлемдік тәжірибеге сай, сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мүмкіндігін бермек.

Тараптардың істің бұл соттың соттылығына жатпайтыны туралы арыздарын осы сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша, сондай-ақ, жоғарыда аталған 27-1 және 28-1-баптарда көзделген жағдайларда ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым беріліп, прокурор өтінішхат келтіре алады. Бұл шешім шағым жасалуға, наразылық білдіруге жатпайды. 35-бап 3-1-бөлікпен толықтырылды. Яғни, 27-1-бапта көзделген азаматтық істер бірінші сатыдағы соттың қағидаларына сай облыстық және оған теңестірілген сотта судьямен жеке-дара қаралып, шешім қабылданады. Ал, 28-1-баппен айқындалған істер Жоғарғы Сотта бірінші саты сотының қағидасымен жеке-дара қаралып, шешіледі.

Кодекске дауды сотқа дейін реттеу хаттамасы енгізілді. 73-баптың бірінші бөлігіне келсек, бірінші сатыдағы сотқа дәлелдемелер сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынылады. Онда тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалар өз талаптарына немесе қарсылықтарына сілтеме жасауға, сондай-ақ, іс сотта қаралған жағдайда пайдаланғысы келетін дәлелдемелерді ашу, ұсыну немесе алмасуда жасалатын әрекеттері көрсетіледі.

Дауды сотқа дейін реттеу хаттамасы біздің заңымызда бұрын-соңды болмағанымен, әлемдік тәжірибеде бар және ол өзінің тиімділігін дәлелдеген.

Хаттама дауды тараптардың өзара келісіммен, яғни, соттың шешімінсіз бітіруіне ықпал етеді. Тиімдісі тараптар қолдарында бар дәлелдемелермен сотқа дейін танысып, ой-пікірлерін ортаға салады. Нәтижесінде дауды сотқа беру керек пе әлде екеуара келісіп шешкен тиімді ме соны саралайды. 133-2-бабына 1-1-бөлігі қосылды. Нақтырақ айтсақ, соттың процестік құжаттарының жобалары соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде дайындалуы мүмкін.

150-бапқа сай, судья талап қою түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді. Татуласу рәсімдері жүргізілсе талап қоюды қабылдау 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Сотқа дейінгі хаттама 73-баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес жасалса, талап қою 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. 165-баптың 15) тармақшасы жаңартылды. Тараптар арасында сотқа дейін реттеу тәртібімен партисипативтік рәсім жүргізілген немесе талап қоюды қабылдаған кезде сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелер өзара ашылып, ұсынылса, олар партисипативтік рәсім барысында алынған не сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген құжаттар мен дәлелдемелерді ұсынуға міндетті. Талап қоюшыдан мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алынып, даулап отырған фактілер, жауапкер тарапынан ықтимал қарсылықтар анықталады. Қажет болған жағдайда қосымша дәлелдемелер беру ұсынылып, тараптарға процестік құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.

Тағы бір өзгеріс, мемлекеттік органдарға апелляциялық шағымды жоғары тұрған органның келісімімен ғана беру міндеті жүктелді.

Бұдан кейінгі жаңалық, «Smart судья көмекшісі» бағдарламасы. Бұл мақсатта судьяның шешімін талап етпейтін даусыз істер іріктеледі. Бағдарлама арқылы шешім жобасы дайындалады. Судья тексеріп, қол қояды. Өз кезегінде Smart көмекші сот жүктемесін азайтуға септігін тигізеді.

Осы Кодекспен сырттай өндіріс алынып тасталды. Атқарушылық жазба жасауда нотариустар құзыреті кеңейтілді. Талап қоюдың кейбір санаттарын оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қарау нормасы жан-жақты жетілдірілді. Ескерерлігі, бұл тәртіпте алимент өндіруден өзге балалар мүддесіне қатысты істер қаралмайды.

Азаматтық іс жүргізуде енгізіліп жатқан жаңалықтар азаматтар құқығы мен заңды мүддесін тиімді қорғаудың кепілі. Сондықтан, әрқайсымыз заңды құрметтеп, талаптарын мүлтіксіз орындауға тиіспіз. Солай ете білгенде ғана мемлекетіміз өсіп-өркендейді.

Анар Қарашева,

Алматы қаласының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық...