12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жаңа кодекс жеке тұлғалар мүддесін қорғайды

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс бойынша соттардың іс қарап жатқанына 8 айдың жүзі болды. Алғаш бастаған істің қиындық тудыратыны секілді, бұл кодексті қолдануда да өзіндік ерекшеліктер мен қиындықтың туындап жатқанын жасыруға болмайды. Себебі, әкімшілік істер қарауда соттарда әлі тәжірибе қалыптасқан жоқ.
Әкімшілік істерді қараудағы жаңа­шыл қағидаттың бірі – соттың белсенді рөлі. Бұл норма кодекстің 16-бабында көзделген. Бұл принципті қолданбау сот шешімінің күшін жоюға әкелуі мүмкін. Себебі, әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақытылы шешу болып табылады. Мысалы, сотқа әкімшілік іс түсті, бірақ талаптың мәніне қарағанда талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тартқан, мемлекеттік бажды толық төлемеген, талап қою мерзімі өтіп кеткен. Бұл жағдайда кодекстің 29-бабында көрсетілген талап бойынша белсенді рөл қағидатын қолданып, сот талап қоюшыға тиісті емес жауапкерді ауыс­тыру туралы ұсынады. Егер жауапкер ауыстырылмаса, сот өз бетінше талап қоюшының келісімінсіз тиісті жауапкерді екінші жауапкер ретінде тартады. Егер мемлекеттік бажды дұрыс төлемесе оны қанша, қандай БСН-ға төлеу туралы, талап қою мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат бере алатынын түсіндіреді.
Талап қоюшы талап қою мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алғанын дәлелдеуі тиіс. Себебі, кодекстің 136-бабының 7-бөлігіне сай сот өткізіп алу мерзімін дәлелді деп тапса, оны қалпына келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, соттың бұл белсенді рөлі талап қоюшыларды мүлдем дәлелдеме жинаудан босатады деген қате түсінік болмауы керек. Себебі, кодекстің 129-бабының 1-бөлігінде талап қоюшы өз мүмкіндігіне сәйкес дәлелдемені жинауға қатысуға міндетті. Берілген талап қою түріне қарамастан, талап қоюшы құқығының, бостандығы мен заңды мүддесінің бұзылғаны туралы өзіне мәлім болған уақытты, сондай-ақ келтірілген залалдың мөлшерін дәлелдеуге міндетті делінген.
Сонымен қатар, тиісті органдар әкімшілік істің қатысушысы болмаса да сот сұратқан құжаттарға сотпен көрсетілген мерзімде жауап беруге міндетті. Кодекстің 18-бабына сай заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ, сот­тар мен судьялардың сот төрелігін іске асыру кезіндегі өкімі, талабы, тап­сыр­масы, шақыруы мен басқа да жол­даным­дары барлық мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, заңды, лауазымды, жеке тұлғалар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады. Егер соттың бұл талабы орындалмаса кодекстің 127-бабында көрсетілген ақшалай өндіруді қолдануы мүмкін.
Қорыта келе, әрбір судья, сотқа қатысушылар өз құқығын ғана емес, міндетін де біліп, орындаса қандай іс болмасын оң шешімін табады.

Ж.Дербисалиева,
Түркістан облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...