Жаңа оқу жылының күнтізбесі: Оқушылар қанша күн демалады?

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ мектеп оқушыларының демалыс кезеңдерін бекітті.

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Оқу кестесіне сәйкес:

  • І тоқсан – 8 оқу аптасы. Күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында (7 күн);
  • ІІ тоқсан – 8 оқу аптасы. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін (14 күн);

1-сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында қосымша 7 күндік демалыс қарастырылған;

  • ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында (7 күн);
  • IV тоқсан – 8 оқу аптасы және 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Сонымен қатар, министрлік 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдерін де бекітті. Бұл туралы толық ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.