12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жөндеуден кейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға қанша сағатта жетуге болатыны айтылды

2025 жылға қарай Алматыдан Нұр-Сұлтанға дейінгі тасжолдың барлық проблемалық учаскелері аяқталады деп жоспарланған. Жөндеуден кейін екі мегаполис арасындағы жол қанша уақыт алады? Tengrinews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» басшысы Мейірхат Қасымбаевтан сұрады.

2013 жылы Алматы-Нұр-Сұлтан трассасын ретке келтіре бастады. Сол кезде Алматыдан Қапшағайға дейінгі бөлікті қайта жөндеді. Кейін құрылысшылар басқа учаскелерді де жөндеуге кірісті. Осы уақытқа дейін жолдың бір бөлігі ашық болды, ал қалған бөлігінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

«Бұл — елдің ірі және негізгі көлік артерияларының бірі. Жоба басталғаннан бері онда шамамен 50 миллион тонна құрылыс материалдары жұмсалды. Шешілмеген мәселелер, әрине, бар, қазір оларды шешу үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз.

Атап айтқанда, Қарағандыдан Балқашқа дейінгі учаске бойынша келісімшарттар жасасу кезінде проблемалар туындады. Осыған байланысты онда жұмыс дұрыс жүргізілген жоқ. Қазір біз мемлекеттік аудитті тексеруге бастамашылық жасадық, оның қорытындысы бойынша осы учаскені қалай аяқтайтынымыз туралы шешім қабылданатын болады. Кішкене шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз».

Жоба бірнеше учаскелерге бөлінген. Қарағандыдан Балқашқа дейінгі аралықтан басқа, алдымызда Балқаш-Бурылбайтал, Бурылбайтал-Күрті және Күрті-Қапшағай учаскелерін аяқтау міндеті тұр.

«Әр учаскенің өз келісімшарты бар. Мердігерлердің бірі өз бөлігін 2022 жылға дейін, ал екінші бірі 2023 жылға дейін аяқтауы керек. Дегенмен, біз екі мегаполис арасындағы барлық жолды 2024 жылдың соңына дейін ашып, пайдалануға беруіміз керек. Яғни, 2025 жылдан бастап жүргізушілер осы автожол бойынша кедергісіз және тоқтаусыз жүруі тиіс. Біз осы жоспарды ұстанамыз және одан ауытқымау үшін бар күшімізді салуға тырысамыз», — деді Қасымбаев.

Еліміздің басты магистральдарының бірі бірден төрт облыстың аумағында орналасқан: Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Ақмола. «Қазавтожол» мәліметінше, барлық жолды реконструкциядан кейін 12-13 сағат ішінде жүріп өтуге болады.

«Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы жолдың ұзындығы 1100 шақырым болады. Бұл — «1Б» санатындағы жол. Әр учаскеде сағатына 110, 130 және 150 шақырым жылдамдық шектеулері бар. Бұрылыстар туралы, сондай-ақ, жолдың басқа да нюанстарын ұмытпау керек. Бұл мәселелер шешілсе, көлікпен жүру шамамен 12-13 сағатты алады», — деп қорытындылады»ҚазАвтоЖол» басшысы.

Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты.

Қазақстандықтар орташа есеппен 75 жастан көп өмір сүреді

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес, күтілетін өмір ұзақтығы негізгі ұлттық көрсеткіштердің бірі.

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды.

Журналистер кәсіби қызметі үшін қудаланбайды – Аида Балаева

Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі БАҚ саласына қатысты пікір білдірді.

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ТІРЕГІ – ЗАҢ

Тəуелсіздік – бір сəттік шешім емес. Ол күн сайын қабылданған заңмен, Парламент мінберінде айтылған жауапты сөзбен, халық алдындағы адал міндетпен қайта-қайта дəлелденіп отыратын тарихи жауапкершілік.