Жұмыссыз жастардың ең көп бөлігі қай өңірде?

Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Алматы мен Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Қарағанды ​​облысында байқалады. Сонымен қатар, қыздар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ұлдарға қарағанда айтарлықтай жоғары, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

15 пен 28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың үшінші тоқсанында бір жыл бұрынғы 3,9 пайызға қарағанда 3,7 пайыз болды. Қалалық жерлерде жұмыссыздық әлдеқайда жоғары — 4,1 пайыз. Жалпы, елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болды.

Гендер тұрғысында ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі әйелдерге қарағанда айтарлықтай төмен болып шықты – 4,4 пайызға қарсы 3,1 пайыз. Қалада әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызға, ауылдық жерлерде 4,1 пайызға жетті.

Қазақстан аймақтарында жастар арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Алматыда (5,4 пайыз), одан кейін Нұр-Сұлтанда (4,6 пайыз) және Қарағанды ​​облысында (4,3 пайыз) байқалған. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Атырау, Ақтөбе және Павлодар облыстарында байқалады.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел іс-шаралар жоспарын қабылдады, онда, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту сияқты мақсат көрсетілген болатын. «Жастар тәжірибесі» және «Бірінші жұмыс орны» жобалары аясында жалақы мөлшері ұлғайтылады.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.