«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР Заңы

2018 жылғы 10 қаңтарда ҚР Президентінің қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындайтын «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР № 131-VI ҚРЗ заңын қабылдады. Қордан жәбірленушілерге өтемақы біржолғы қаржылық төлем түрінде жүзеге асырылады.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңды орындау үшін пробация қызметі бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізуде.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. ТЖЖ есебінде 2022 жыл басынан бастап сот үкіміне сәйкес жалпы сомасы 1 290 595 теңгеге жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемі бар 24 сотталған тұрады.

Жалпы сомасы 460 605 теңгеге 9 сотталған жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді толық өтеген.

Жалпы төлемнің қалған 15 сотталғанның сомасы 829 990 теңге, соның ішінде 4 сотталған 149 960 теңге соманы жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді жыл басынан бастап ішінара өтеген.

Мәжбүрлі төлемде өтемейтін сотталғандарен профилактикалық жұмыс жүргізіледі: жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі, инфрақұрылымдық жобалар бойынша бар бос орындармен танысты, егер сотталғандар сот үкімі бойынша тағайындалған мәжбүрлі төлемді мүлде өтемейтін болса, ҚР ҚК-нің 430-бабына сәйкес жауапқа тартылатындығы түсіндірілді.

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің
Петропавл қ. ПҚБ инспекторы
әділет лейтенанты ДУМАН Абаев

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...