Жұмыссыз қалғандарға қолдау: Жәрдемақыдан бөлек қандай мүмкіндіктер бар? 

Қазақстанда жұмыстан айырылу бұрынғыдай тек табыссыз қалу дегенді білдірмейді. Соңғы жылдары мемлекет азаматтарды уақытша қаржылай қолдап қана қоймай, оларды қайта еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған бірнеше тетікті қатар іске асырып келеді. Жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем, жаңа мамандыққа оқыту, қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесі, кәсіпкерлікке гранттар – мұның барлығы жұмыстан айырылған азаматтарға арналған қолдау шараларының бір бөлігі.

BAQ.KZ тілшісі 2026 жылы жұмыссыз қалған азаматтарға қандай қолдау көрсетілетінін, кімдердің әлеуметтік төлем алуға құқығы бар екенін және еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктерге шолу жасады.

Жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем кімдерге беріледі?

Қазақстанда жұмыссыздық бойынша төленетін қаражат мемлекеттік бюджеттен емес, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының  қаражатынан беріледі. Сондықтан бұл төлемді барлық азамат емес, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысып, жұмыс берушісі МӘСҚ-қа әлеуметтік аударым жасап отырған қызметкерлер ғана ала алады.

Әлеуметтік төлем алу үшін негізгі талаптар:

  • азамат ресми жұмыстан айырылуы тиіс;
  • жұмыссыз мәртебесін алуы қажет;
  • соңғы жылдары МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар төленген болуы керек;
  • әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі кемінде 6 ай болуы қажет.

Төлем мөлшері қалай есептеледі?

Қолданыстағы тәртіп бойынша жұмысынан айырылған азаматқа төленетін әлеуметтік төлем соңғы 24 айдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысының 45 пайызы көлемінде есептеледі.

Төлемнің нақты мөлшері әр адамның бұрынғы жалақысына және әлеуметтік аударымдарының көлеміне байланысты өзгереді. Сондықтан барлығына бірдей белгіленген сома жоқ.

2026 жылдың бірінші тоқсанында: орташа төлем мөлшері – 101 375 теңге,ең төменгі төлем – 26 775 теңге, ең жоғары төлем шамамен 348 мың теңгеге жеткен.

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің статистикасына сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алып отырғандардың саны 90 мыңнан асты, ал төлемнің орташа мөлшері 106 мың теңгеден асқан.

Қанша уақыт төленеді?

Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады.

Мысалы 6 айдан 1 жылға дейін еңбек өтілі болса – 1 ай, 3 жылдан астам болса – бірнеше ай, 5 жылдан жоғары қатысу өтілі бар азаматтарға – 6 айға дейін төленуі мүмкін.

Сонымен бірге Үкімет 2026 жылы жұмыссыздық төлемінің мерзімін қайтадан 4 айға дейін қысқарту жөнінде өзгерістер әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Бұл өзгеріс әлі заңнамалық рәсімдерден өтуде және толық күшіне енген жоқ.

Жәрдемақыдан бөлек қандай қолдау бар?

Жұмыссыз азаматтарға мемлекет тек әлеуметтік төлеммен ғана көмектеспейді. Жұмыссыз мәртебесін алған адамдар:

  • бос жұмыс орындарына жолдама ала алады;
  • қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысады;
  • жаңа мамандық игереді;
  • қоғамдық жұмыстарға жіберіледі;
  • әлеуметтік жұмыс орындарына орналасады;
  • жастар тәжірибесіне қатыса алады;
  • кәсіпкерлік негіздеріне оқып, мемлекеттік гранттарға үміткер бола алады.

Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – азаматты мүмкіндігінше тезірек қайта жұмыспен қамту.

Жұмыссыз мәртебесін қалай алуға болады?

Қазіргі таңда бұл рәсім барынша жеңілдетілген.

Азамат Enbek.kz порталы арқылы,электрондық үкімет қызметтері арқылы, мансап орталығына жүгіну арқылы жұмыс іздеуші ретінде тіркеле алады.

Егер жұмыс табылмаса, жүйе азаматқа жұмыссыз мәртебесін береді. Кейін әлеуметтік төлем проактивті форматта рәсімделуі мүмкін. Азамат SMS арқылы келісімін беріп, банк шотын растағаннан кейін төлем тағайындалады.

Атаулы әлеуметтік көмекпен шатастыруға болмайды

Көпшілік жұмыссыздық бойынша төлем мен атаулы әлеуметтік көмекті бірдей деп қабылдайды. Алайда олардың мақсаты әртүрлі.

Жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем – бұрын жұмыс істеп, әлеуметтік аударымдар төлеген азаматтарға беріледі.

Ал атаулы әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысына қарай тағайындалады және ол табысы төмен отбасыларға арналған әлеуметтік қолдау шарасы болып саналады.

Соңғы жылдары цифрлық еңбек биржасының дамуы, онлайн оқыту бағдарламаларының көбеюі және қайта даярлау курстары жұмыссыз азаматтардың жаңа кәсіп игеру мүмкіндігін арттырды. Бұл еңбек нарығындағы құрылымдық өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік береді.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.