12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Зеленский Украинада жаппай жұмылдыру жүргізілетіні туралы қаулы шығарды

Владимир Зеленский Украинада 90 күн бойы жаппай жұмылдыру жүргізілетіні туралы қаулы шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бейсенбіде украиналық УНИАН ақпараттық агенттігі Telegram-да Зеленский Украина Жоғарғы Радасына жалпы жұмылдыру туралы заң жобасын ұсынғанын хабарлады.

Қаулыға сәйкес Винница, Волынь, Днепропетровск, Донецк, Житомир, Закарпатье, Запорожье, Ивано-Франковск, Киев, Кировоград, Луганск, Львов, Николаев, Одесса, Полтава, Ровна, Сумы, Тернополь, Харьков, Херсон, Хмельницкий, Черкассы, Черновцы, Чернигов облыстары, Киев қаласы аумақтарында 90 күн ішінде жаппай жұмылдыру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, 23 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция өтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ресейдің жоспарында Украинаға шабуыл жасау мақсаты жоқтығын айтты. Осы уақытта CNN тілшісі Киевте тікелей эфир кезінде бірнеше жарылыс дыбысын естігенін айтты.

Бұған дейін Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағаны хабрланған болатын. Жергілікті тұрғындар да Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын айтты.

Кейін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...