12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Зеленский Харьков орталығындағы жарылыс туралы

Украина президенті Владимир Зеленский 1 наурызда қаланың орталық алаңындағы Харьков облыстық әкімшілігі ғимаратына жасалған зымыран шабуылына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Униан» агенттігіне сілтеме жасап.

«Харьков. Еуропадағы ең үлкен алаңға зымыран түсті. Бостандық алаңы. Ондаған құрбан. Бостандық құны осындай екен. Украина халқының таңы осы», — деді Зеленский видео үндеуінде.

Оның айтуынша, шабуыл Ресей-Украина шекарасынан 40 шақырым және Харьковтен 70 шақырым жерде орналасқан Ресейдің Белгород қаласынан жасалған.

«Украинадағы Харьков пен Ресейдің Белгороды бұрыннан жақын қалалар. Көп мағынада. Тіпті олардың шекарасы шартты түрде жасалған, картада ғана. Бостандық алаңы — Харьковтің бет-бейнесі», — деді президент.

Украина басшысы бұл тек әскери қылмыс емес, сонымен қатар, лаңкестік әрекет екенін баса айтты.

«Бұл — қалаға, Харьковке, Украинаға қарсы террор. Алаңда әскери нысан болған жоқ. Орталық алаңға зымыран атқылау — ашық террор. Ешкім кешірмейді, ешкім ұмытпайды. Харьковке жасалған бұл соққы — әскери қылмыс, Ресей Федерациясының мемлекеттік терроризмі. Осыдан кейін Ресей — террористік мемлекет. Әрине ол ресми болуы керек”, — деді ол.

Зеленский халықаралық қауымдастықты Ресей Федерациясының әрекетіне дереу және тиімді жауап беруге және оның әрекетін мемлекеттік терроризм деп тануға шақырды.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...