12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Зеленский ЕО-ға жедел қосылуға мүмкіндік беретін құжат алды

Украинаның Еуроодаққа кіруге өтінімі таяу уақытта қаралады. Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Киевке сапары барысында ресми түрде президент Владимир Зеленскийге сауалнама табыс етті. Ел ЕО-ға мүшелікке келіссөздерді бастау үшін оны толтыруы қажет. Еурокомиссия тиісті қорытындыны жазда әзірлеуді жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Еуропалық дипломаттардың басшысы Жосеп Боррель ЕО Украинаға әскери қылмыстар туралы дәлелдер жинау және ұсынуға жеті миллион еуродан астам қаражат бөлгенін айтты. Бұл деректер Халықаралық қылмыстық сотқа жолданады. 

«Құрметті Владимир, бұл конверт — ЕО-ға мүше болуға маңызды кезең. Бұл сауалнама біздің алдағы апталардағы келіссөздеріміздің негізі. Осы жерден Еуропа мен Еуропалық одаққа баратын жол басталады. Тығыз жұмыс істесек, менің ойымша, бұл әдеттегідей бірнеше жыл емес, бірнеше апта ішінде жасалады. Бұл сізге, қымбатты Владимир», — деді Урсула фон дер Ляйен Украина президентіне құжаттарды беріп.

«Урсула, біз жауапты бір апта ішінде дайындап береміз», — деді Владимир Зеленский.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...