12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Зеленский: «Біз лайық тойтарыс беріп жатырмыз. Жаудың халықтық соғыста мүмкіндігі жоқ»

Украина президенті Владимир Зеленский 26 ақпанда кешкі уақытта халыққа кезекті үндеуін жасады, — деп хабарлайды УНИАН

Зеленский елді азат ету үшін қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт күресетінін айтты. 

«Украинаның өз мемлекетін қорғауға дайын болуы, біздің бір-бірімізбен ынтымақтасуымыз және батылдығымыз біздің елді жаулап алу сценарийін бұзды. Біз лайық тойтарыс беріп жатырмыз. Біз елді азат ету үшін қанша қажет болса, сонша күресеміз. Егер балалар панада туса, тіпті атыс жалғасып жатса да, жаудың бұл, сөзсіз, халықтық соғыста мүмкіндігі жоқ», — деді ол.

Украина басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Алиев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен әңгіме барысында Украинадағы жағдай туралы Ресеймен келіссөздер ұйымдастыруды ұсынғанын атап өтті.

Зеленскийдің сөзінше, Ердоған мен Алиев Украинаға қолдау білдірген. 

«Ердоғанға біздің тәуелсіздігімізді қолдағаны үшін алғыс білдірдім. Біз Ердоғанмен ресейлік әскери кемелердің Қара теңізге өтуіне тыйым салу өте маңызды екенін айтып келістік. Солай жасады», — дейді Зеленский. 

Сонымен қатар, Зеленский Еуропаның барлық елі Ресейді SWIFT төлем жүйесінен ажырату туралы келісімге келгенін атап өтті. 

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...