12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Зейнеткерлер сын сағатта демеу болды

Міне, осындай қиын шақта, халыққа қолдан келгенше көмек қылған жандар жетерлік. Сондай ер-азаматтардың бірі, отставкадағы зейнеткерлер, Исмайлов Қанат, Тұрғанбеков Бағдат, Ұлымбаев Ержан төтенше жағдай кезінде күшейтілген режиммен жұмыс жасаған ЗК-169/1 тергеу изоляторының жеке құрамына келіп, осы бір сын сағатта қызметкерлерге моральдік тұрғыда қолдау көрсетіп, қиындықтарды бірге еңсеруге шақырды. Және күшейтілген режиммен жұмыс жасап жатқан жігіттерге өз қаражаттары есебінде ас-су әкеліп берді.

— Біз, бір елдің азаматтары ретінде бір-бірімізге қолдау білдіруіміз қажет, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар бүгін міне, біздің ізімізді жалғап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында өзіміз жұмыс жасаған тергеу изоляторында қарқынды еңбек етуде. Осындай қиын шақта ел ұландары мен мекеме басшылығын моральдік тұрғыдан қолдауды жөн көрдік, — дейді зейнеткерлер

Осылайша, егемендігіміздің іргесіне ірткі түсіп, тәуелсіздігіміздің тыныштығына бұзылған шақта алдыңғы толқын ағалар жас қызметкерлердің ортасына келіп, оларға жігер беріп, кезінде бастарынан өткен қиын сәттерде табандылық танытып жеңіске жеткендіктерін айтып берді. Сондай-ақ, погондағы тәжірибиелі азаматтарымыз, өз еріктерімен басқа да, зейнеткерлерден топ құрып, патрульдеуге дайын екендіктерін жеткізді. Ия, ел тыныштығын қорғауға құлшынып тұрған бұл патриот жандарға медаль да, мақтау да, керек емес. Олардың тілейтіні елінің амандығы, жұртының тыныштығы.

Өсер елдің ұлдары бірін- бірі батыр дер демекші. Мекеме бастығы әділет подполковнигі А.Тасқараев зейнеткер қызметкерлердің бұл ағалық жолы мен үлгі өнегесіне разылығын білдірді.

Қақпа алдындағы кездесу

Абай облысындағы Қылмыстық атқару жүйесінің №21 мекемесінде «Қақпа алдындағы...

Сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру

2024 жылы 14 қараша ҚАЖ Департаменті #3 мекемесіне Дінді...

Соңғы аялдама

Үйдің қос қабырғасына телміре қарап, қалың ойдың қамауынан шыға...

Сот ісін жүргізудегі қазақ тілінің қолданысы

Мінекей, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 30...

Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезі

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне...