Зейнетке шығу шарттарын қайта қарау ұсынылып отыр

Қазақстанда зейнетке шығу шарттарын қайта қарау ұсынылып отыр. Ұсыныстардың бірі бойынша зейнетке шығу кезінде азаматтың жасымен қатар, 40 жылдық еңбек өтілі де ескерілуі мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық ұсыныс әзірге талқыланып жатқанын және түпкілікті шешім қабылданбағанын мәлімдеді.

Зейнетақы жүйесін не үшін өзгертпек?

Министрлік мемлекеттік органдардың, салалық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдері кірген арнайы жұмыс тобын құрған.

Ведомство мәліметінше, жұмыс тобының мақсаты — зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және зейнетке шыққаннан кейін азаматтарға жеткілікті төлем төлеу жолдарын қарастыру.

Министр Асқарбек Ертаев қатысқан кеңейтілген жиында бірнеше модель қаралған.

Төлем жалақы мен еңбек өтіліне байланысты болуы мүмкін

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әлеуметтік зейнетақы төлемін енгізуді ұсынған. Оның көлемін екі көрсеткішке сүйеніп есептеу ұсынылып отыр:

  • азаматтың орташа айлық табысының елдегі медианалық жалақыға қатынасы;
  • жүйеге қатысу ұзақтығы, яғни еңбек өтілі.

Ұсыныс авторларының пікірінше, мұндай модель азаматтардың тек жеке зейнетақы жинағына тәуелділігін азайтады.

Жұмыс берушілердің жарнасын қалай бөлу ұсынылып отыр?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры да өз нұсқасын ұсынды. Ұсынысқа сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы екі бөлікке бөлінуі мүмкін:

  • 4 пайыз қызметкердің жеке шотына аударылады;
  • 1 пайыз ортақ ынтымақты немесе сақтандыру құрамына бағытталады.

40 жыл еңбек еткендер үшін қандай өзгеріс ұсынылды?

Сенатор Амангелді Нұғмановтың ұсынысы да қаралып жатыр. Ұсыныс бойынша зейнетке шығу шарттарының бірі ретінде міндетті 40 жылдық еңбек өтілін белгілеу көзделіп отыр.

40 жылдан аса еңбек еткен бюджет саласы қызметкерлеріне зейнетке шығу мерзімін оңтайлы айқындау мүмкіндігін беру ұсынылған. Әзірге шешім қабылданған жоқ.

Курултай: выбор сделан

КАЗАХСТАН ВПЕРВЫЕ ИЗБРАЛ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. 23 АВГУСТА СТРАНА ГОЛОСОВАЛА ЗА НОВЫЙ ОДНОПАЛАТНЫЙ ПАРЛАМЕНТ, КОТОРЫЙ ПРИШЕЛ НА СМЕНУ ПРЕЖНЕЙ ДВУХПАЛАТНОЙ СИСТЕМЕ. В ВЫБОРАХ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ БОЛЕЕ 9,35 МЛН ГРАЖДАН, А ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЙ ПЯТИПРОЦЕНТНЫЙ БАРЬЕР ПРЕОДОЛЕЛИ ПЯТЬ ИЗ СЕМИ ПАРТИЙ.

Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстандықтар зейнетақыға 28,35 трлн теңге жинады 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары өсіп келеді. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың жалпы көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті.

Үш жылда қазақстандықтардың дауыс беруі қалай өзгерді? 

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының алдын ала нәтижелері белгілі болды. Сайлауға қатысқандардың саны 74%-дан асты, ал сайлауға қатысқан жеті партияның бесеуі бес пайыздық межеден өтті.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.