Заңгерлер, адвокаттар және нотариус: Қарағанды ​​облысында «қара риэлторлар» ұсталды

Мамырда Қарағанды облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «қара риелторлар» деп аталатын топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Топ құрамына заңгерлер, адвокаттар және нотариус кірген. Олар қорқыту және зорлық-зомбылық көрсету арқылы зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдардың мүліктері мен пәтерлерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан.

Осылайша олар 14 пәтерді заңсыз рәсімдеген. Қылмыстық топтың белсенді бір мүшесі деструктив діни ағымның жақтаушысы болған.

«3 мамырда тінту іс-шараларын жүргізу барысында әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың жеке деректеріне қатысты көптеген құжаттар тәркіленді. Қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды. Олардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі бойынша жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады.

19 наурызға арналған ауа райы болжамы 

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы...

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

2027 жылдан бастап қазақстандықтар 15 наурызда демалатын болады. 30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.