12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заң бұзғандар жазасыз қалмайды

Заңға құрметпен қарап, оның талаптарына бағыну кімге болса да міндет. Олай дейтініміз, әрбір қылмыстың соңы жазасыз қалмайды. Яғни, қылмыстың өтеуі жаза. Соған орай айтар болсақ, Қылмыстық кодекстің 39-бабында жаза ұғымы мен оның мақсаттары белгіленген. Жаза дегеніміз, сот үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы және бұл шара қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысқа бейім адамдарды түзеу мақсатында қолданылады.

Қылмыстық теріс қылық,  қылмыс және қылмыстық құқық бұзушылық жасағандар жазасы аталған кодекспен жан-жақты сараланған. Мәселен, қылмыстық теріс қылық жасағандарға айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу, егер шетелдік, азаматтығы жоқ адам болса оны ел аумағынан шығарып жіберу жазаларының бірі қолданылады. Ал қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жаза қосылады, яғни,   айыппұл, түзеу және қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру.

  Қылмыстық құқық бұзушылық жасап кінәлі болғанға негізгі жазамен қатар мүлкін тәркілеу, арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру сынды 39-баптың 3-бөлігінде көрсетілген қосымша жазалар қолданылады.  Осы жазалардың ішінде айппұлды алсақ, қылмыстық теріс қылықта айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) жиырмадан екі жүзге, қылмыстар үшін екі жүзден он мыңға дейін немесе еселенген мөлшерде белгіленеді.

 Айыппұл тағайындауда оның мөлшері мен төлеу мерзімі қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның мүліктік және отбасылық жағдайы, жалақысы немесе өзге де кіріс көзі ескеріледі.  Айыппұл үкім заңды күшіне енісімен үш жыл ішінде төленуі тиіс. Сотталушының оны төлеу мүмкіндігі нашарлаған жағдайда сот кейінге қалдыруды бір айдан бір жылға дейін бере алады.

 Сот актілері мен қаулысы, тапсырмалары орындалуы міндет, сондықтан, айыппұл үкімде көрсетілген уақытта төленбесе мәжбүрлеп орындатылады. Заң талабына сай, қылмыстық теріс қылық жасап сотталғандар төленбеген бір АЕК-ті бір сағаттық қоғамдық жұмыспен өтейді, ал айыппұл төрт АЕК болса бір тәулікке қамаққа алынады. Онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстарда  төрт АЕК-ті уақытылы төлемеу бас бостандығын шектеу немесе одан айыру жазасын тағы бір күнге ұзартуға әкеледі. Ауыр қылмысы үшін сотталғандар төрт АЕК  үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға, еселенген айыппұлда төленген және өндіріп алынған бөлігі ескеріле отырып, осы кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясы шегінде бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Заң баршаға ортақ. Осы себепті, ел аумағында қылмыстық әрекеттер жасаған азаматтар, сондай-ақ, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар Қылмыстық кодекспен жауаптылыққа тартылатынын естен шығармаулары керек.

Бейнегүл Кайсина,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...