12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЗАҢСЫЗ ҚАРЫЗ БЕРУШІЛЕРДІ НАРЫҚТАН КЕТІРУ ОҢАЙ БОЛМАЙ ТҰР

Қаражаттан қысылғанда мәселені опоңай шешіп бере салатын онлайн-қарыз жайлы не білеміз? Жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыз жасыңыздың 18-ден асқанын растаса болды, сұраған ақшаңызды алақаныңызға сала салатын бұл неғылған батпан құйрық?! Соңғы жылдары бас-аяғы бес минуттың ішінде тығырықтан шығаратын микрозаем берушілер туысыңнан жақын болып бара жатқандай ма, қалай өзі..?

Рас, бастапқыда көпшілігіміздің құлағымызға түрпідей тиген онлайн, микрозаем, шағын немесе жедел несие сынды терминдер бүгінде күнделікті тұрмыста қолданатын сөздерге айналды. Себебі, сізге аяқ асты ақша керек бола қалса екінші деңгейлі банктердің несие бере қоюы екіталай. Ай сайынғы табысыңды, несие тарихыңызды тексеріп, бір жауабын берем дегенше біраз уақыт жоғалтасыз. Мұны жарнамасы жер жарған түрлі микроқаржы ұйымдарының өздері де растайды. Мысалы, ғаламторды ақтарып, «онлайн заем» немесе «микрозаем» деп жазсаңыз болды, алдыңыздан «мен мұндалап» талай ақпарат шыға келеді. Атаулары әртүрлі болғанымен, бәрінің қарыз беру шарттары ұқсас. Яғни, ең бастысы, клиенттің жасы он сегізден асса, Қазақстан азаматы болса жеткілікті. Тіпті, екінші деңгейлі банктердің «қара тізімінде» болғанына, жұмыс істеп жүрген-жүрмегеніңе мән беріп, басыңызды қатырмайды. Сондай-ақ, қарызыңызды қысқа мерзімде қайтарамын десеңіз, минималды мерзім 61 күнді, ал, алған ақшаңыз қомақтылау болса шекті мерзім 365 күнді құрауы мүмкін. Максималды жылдық үстемеге қарыздық пайыз, тағы басқа да комиссиялар мен жылдық
шығындар қосылып 31 пайызды құраса, минималды үстемеақы бар болғаны 3 пайыз болатын көрінеді. Алайда, бұл олардың клиент тарту мақсатындағы жағымды жарнамасы ғана екенін кейіннен түсінесіз. Мұны әсіресе жедел қарыз аламын деп аузы күйген мыңдаған қазақстандық жақсы біледі. Мысалы, оңтүстіктің тұрғыны Ардақ екінші деңгейлі банктен несиесін төлеуге ақша таппай 49 мың теңге онлайн қарыз алуға мәжбүр болған. Осылайша, сасқан үйректің кебін киген ол қарыздың үстіне қарыз жамап, бағанағы 49 мың теңгені 72 мың теңге етіп қайтаруға келіседі. Алайда, қарызын дер кезінде төлей алмай 49 мыңды 142 мың теңге етіп қайтарады. Бұл қалай десеңіз, қарыз беруші өсімпұлды айына емес, күніне есептейді екен. Келесі
бір кейіпкеріміз 30 мың теңге несие алып үстіне (бір айда) 18 мың теңге (шамамен 60 пайыз үстеме) қосып қайтарған. Сонда, минималды мерзімге қарыз алсаң үш-ақ пайыз үстеме ақы қосылады деген жарнамадағы уәде қайда қалды?

1000 пайыздан 100 пайызға азайғаны рас па?

Осы орайда, елімізде түрлі микроқаржы ұйымдары қашан пайда болды? Нарықта оған деген сұраныс қаншалықты? Осыған жауап іздеп көрсек. Қолдағы дерек көздеріне сүйенсек, жалпы онлайн-несие ұғымы Қазақстанның қаржы нарығына 2014 жылдары келіпті. Сондай-ақ, ресми ақпараттарды сөйлетсек, халыққа қарыз берумен айналысатын мұндай қаржы ұйымдарының қатары жылдан жылға көбеймесе, азайған емес. Сәйкесінше, олардың қызметіне
жүгінушілердің де саны артып отыр. Демек, сұраныс бар. Мысалы, жыл сайын дәл осындай бір миллионға жуық келісімшарт жасалады екен. Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше алдыңғы жылы халыққа 110 млрд теңге көлемінде қарыз беріліпті. Аз ба, көп пе? Бір қызығы, қысылғанда жаныңнан табылатын жедел қарыз берушілер еліміздің шалғай елдімекендеріне дейін жеткен. Өйткені, қиырдағы ауыл халқының несие алу үшін үлкен қалаға жетуі мұң. Осындайда айлыққа дейін деп қарыз беретін микроқаржы ұйымдарының қызметі халыққа әлдеқайда қолжетімді. Жалпы, мұндай қаржы ұйымдарының қызметін қадағалау мәселесі көптен
бері сөз болып жүр. Себебі, Ұлттық банктің өзі несиенің үстінен күніне 2 пайыз, жылына 700 пайыз пайда көру дегенді ақылға сыйғыза алмас. Бұл туралы 2017 жылы Сенат депутаты Сергей Ершов дабыл қағып, олардың жылдық жиынтық сыйақылары 1000 пайызға дейін баратынын айтқан-ды. Өз сөзінде депутат: «ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ БОЛМАСЫН ОНЛАЙН-НЕСИЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АЗАМАТ РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ. МҮМКІН КЛИЕНТ МАС НЕМЕСЕ ЕСІРТКІ ҚАБЫЛДАҒАН ШЫҒАР. ТІПТІ, ӘЛДЕКІМ КҮШ КӨРСЕТІП, КҮШТЕП НЕСИЕ АЛДЫРТУЫ ДА МҮМКІН ҒОЙ. ӘРІ ИНТЕРНЕТ БАНКТЕР ҚАРЫЗДЫ 700-1000 ПАЙЫЗБЕН БЕРЕДІ. БІРАҚ, МҰНЫ КӨБІНДЕ АҢҒАЛ АДАМДАРҒА ЕСКЕРТПЕЙДІ ӘРІ КӨРСЕТПЕЙДІ. БҰЛ КЛИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН БҰЗАДЫ. ОНЫҢ ҮСТІНЕ, ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚАРЫЗ БЕРЕР КЕЗДЕ КЛИЕНТ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТЫ ЗАҢСЫЗ ЖИНАЙДЫ. ОЛ ҮШІН АҚШАҒА МҰҚТАЖ АДАМНЫҢ ЖАЗБАША РҰҚСАТЫ БОЛУЫ ШАРТ. БІРАҚ, НЕСИЕ
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕЛГЕН СОҢ, БҰЛ ТАЛАП, ӘРИНЕ, САҚТАЛМАЙДЫ» – дей келе, жылдық мөлшерлемені 100 пайыздан асырмау туралы ұсыныс білдірген болатын. Алайда, кейіннен Қазақстан қаржы техникалық қауымдастығы бұл ақпаратты теріске шығарып, оған қоса олардың есеп-қисап саясатын екінші деңгейлі банктермен салыстыруға болмайтынын көлденең тартты. Нәтижесінде микроқаржы ұйымдарының қатарына кіретін мекемелердің мәселесі жабулы қазан күйінде қалып, тек өткен жылы ғана халық қалаулылары еліміздегі аталған ұйымдардың қызметін реттейтін жаңа заң қабылдады. Яғни, ендігі заң талабына сай, микроқаржы ұйымдары үшін жылдық мөлшерлеме 100 пайыздан, екінші деңгейлі банктер үшін 56 пайыздан аспауы тиіс. Десек те, аталған заң нормалары қаншалықты сақталып жатқанын қадағалау
мәселесі әлі де болса басы ашық күйінде қалып отыр. Сәйкесінше, онлайн қарызды оңай олжа көріп, опық жеп жатқан халықтың қарасы да азайған жоқ. Сол сияқты, жаңа заң күткеніміздей елімізде саңырау құлақша қаптаған заңсыз қарыз берушілерді нарықтан аластатуға ықпал ете қойған жоқ.
Гаухар ӘБІЛҚАСҚЫЗЫ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...