12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заңды бұзып темір торға қайта қамалды

Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің есебіне түзеу мекемесінен шығып,тіркеуге алынған азамат заңды қаскөйлікпен бұзып қайта қамауға алынды.

Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзатын сотталған азаматтарда кездеседі.

Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Кентау қалалық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайта қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Қалалық пробация қызметі есебінде тұратын Назар есімді азаматтың ісі қаралды. Оған жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алумен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында, пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды. Сот аталған ұсынысты ҚР ҚК-нің 44-бабының 3-бөлігіне сай бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылады.

— Бұл азамат өзі түзеу мекемесінен босап, пробация қызметіне тіркеуге алынған болатын. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөзін әрбір еліміздің азаматы есте сақтау қажет. Пробация есебіне тіркелген азамат өзіне заң бойынша жүктелген міндеттерді бұзбағаны дұрыс. Өзінің жасаған қылмыснан сабақ алғаны абзал, — деді Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Атабек Исаев.

Nº15 мекемесінде Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен екі ангар өндірістік цехтары салынуда

Казакстан Республикасының Президентінің тапсырмасын жэне Казакстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алқасының...

Следственный изолятор г.Кокшетау посетила министр здравоохранения РК

Министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова, в рамках рабочей...

В учреждении №21 состоялся литературный вечер, посвященный 180-летию Абая

В Абайской области состоялся практический литературный вечер «Абай тағылымы»,...

Абай облысында жас қызметкерлерді Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру күні өтті

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеу құрметіне Абай облысының әйелдер...