Қызылордадағы тергеу изоляторына Түркістан облысының теолог мамандары келді

Жат ағымның жетегіне түскендерді теологиялық сауаттандыру жұмысы ұзақ мерзімді және мол күшті талап етеді.

Сондықтанда, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты, ЗК-169/1 тергеу изоляторында арнайы аймақта ұсталынатын сотталған азаматтарымен әртүрлі оңтайландыру жұмыстары өтіліп тұрады.

Осы орайда, мекеменің телог мамандарымен өзара іс- тәжірибие алмасу мақсатында мекемеге Түркістан облысының сала мамандары келді.

Атап айтқанда, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы » КММ — ның теолог маманы Нағызхан Ілияс пен « Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ- ның бөлім басшысы Сабырұлы Абухаир.

Келген мамандар мекемнің жат ағымға кіріп «адасып» кеткен, яғни, оқшауланған аймақта ұсталынып отырған сотталғандарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, діни ақпараттар бойынша толық мәлімет ұсынды.

-Бүгін біз, ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы экстремизм және тероризм баптары бойынша сотталған 7 азаматын қабылдадық.

Қабылдау кезінде, олардың дінге деген көзқарастары мен сенімдерін танып білу мақсатында сұрақтар қойып, теріс діни бағыттағы сотталғандарды оң бағытқа бұру бойынша әңгіме сұхбат жүргіздік.

Сондай-ақ, әр түрлі себептермен дәстүрлі дінді жоққа шығаратын бұл сотталғандардың діни көзқарастарын өзгерту мақсатында, жаза өтеушінің өмірлік көзқарастарын жағымды бағытқа өзгертуге септігін тигізіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге оң әсерін беріп жүрген өз тәжірибиелерімізбен бөлістік, — дейді «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ- ның бөлім басшысы Сабырұлы Абухаир.

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...

В женской колонии области Абай отметили Всемирный день смеха

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось праздничное...