Қызылордада 27 сотталған мектепке қабылданды

Абақтының ар жағында отырып, білім ала алмай, темір торға тоғытылған жандар ҚАЖ мекемелерінде орта және кәсіптік білім алып, мамандық игеруде. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №516 бұйрығында сотталғандарға негізгі орта,бастауыш, жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім алу туралы көрсетілген. Оның ішінде 30 жасқа дейінгі сотталған азаматтар орта білім алуға міндетті деп көрсетілген.

Жаңа оқу жылында облыстағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген 27 сотталған білім алуға кешкі мектепке қабылданды. Олар аяқталмай қалған орта білімін жалғастыратын болады. Сотталғанның бірі 8 сыныпқа қабылданса, енді бірі 9,10, 11 сыныпқа қабылданды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 37(ЗК-169/4 мекемесі) мекемесінде жазасын өтеп жүрген орта білім жоқ 14 сотталған, ал №60(ЗК-169/5 мекемесі) 13 сотталған бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, арнайы кабинетте кешкі мектеп мұғалімдерінен білім алатын болады.

Бұл азаматтарға Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Қызылорда қаласының жалпы білім беретін кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Шиелі аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектеп КММ-нің мұғалімдері сабақ береді.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

В области Абай сотрудники женской колонии отметили День здоровья спортивными соревнованиями

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось спортивное...

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...