Қызылорда облыстық кірістер департаментінің қызметкерлері тергеу изоляторына  келді

Кеше Қызылорда облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің ұйымдастыруымен Облыстық кірістер департаментінің 16 қызметкері ЗК-169/1 тергеу изоляторына экскурцияға келді. Басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалғын сезіну,сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылылық салдарымен таныстыру үшін оларды қамаудағылар әлеміне енгізу.

Тікен сымдардың арғы жағындағы экскурцияның мемлекеттік қызметкерлер үшін тәрбиелік мағынасы зор болды.

Себебі мекеме бастығының орынбасары әділет капитаны Әмірбек Азамат Темірбекұлы экскурцияға келушілерді тергеу изоляторының арнайы контигенттер ұсталатын аймағындағы шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар жататын жатахананы, камераларды, аралатып,қылмыскерлердің ұсталыну жағдайымен таныстырып шықты.

Алдымен кезекші бөлімге бастап апарып, тергеу изоляторының негізгі қызметтік мндеті, мекеме ішінде жүріп тұру жағдайы жайлы айтып түсіндірді. Біздің ЗК-169/1 тергеу изоляторының негізгі міндеті күдіктілер мен айыптаушылар және тергеудегілер мен бес жылға дейінгі соталғандарды ұстау және олардың режим тәтібін қадағалау мен сотталған азаматтардың жаза мерзімін өтеу барысында өмірге қайта тәрбиелеу болып табылады.

Яғни, мұнда, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейінгі айыптаушылар мен күдіктілер және шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар отырады. Толтыру лиміті -430,бүгінгі таңда қамауда 250 – ге жуық контигент бар. Сонық ішінде Сыбайлас жемқорлықтық қылмысының 366,367 — баптары бойынша қамауда ұсталынып отырғандар да, бар.

Олар өздеріңіз секілді мемлекеттік қызметте болған азаматтар. Бұл азаматтар жазалау орындарына алғаш түсіп отырғандықтан өзге қылмыскерлерден оқшауланып, бөлек камераларда ұсталынады. Бірақ, тәртіп пен талап бәріне бірдей қатаң – деді,капитан А.Темірбекұлы. Осылайша, мемлекеттік қызметкерлер қамаудағы азаматтардың ұсталынуына мемлекет пен мекеме заңға сәйкес жағдай жасап отырғанымен, қоршаулы қорған ішіндегі аураның еңсеңді басатындығын сезінді.

Олар қылмыс жасап мұнда түскенше, бостандықтың қадірін бағалап, өздерінде барды қанағат тұтып, шүкіршілік ету керектігін жете түсініп қайтты.

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...

В женской колонии области Абай отметили Всемирный день смеха

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось праздничное...