ЮНИСЕФ: Әлемде 20 миллион бала жасанды интеллектіні пайдаланады 

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) жаңа зерттеуіне сәйкес, әлемнің 10 елінде кемінде 20 миллион бала жасанды интеллект (AI) құралдарын пайдаланады. Ұйымның мәліметінше, балалар бұл технологияны ересектерге қарағанда үш есе жылдам меңгереді, деп хабарлады Euronews.

Зерттеу нәтижесі бойынша, 13 миллионға жуық бала жасанды интеллектіні оқу мен үй тапсырмасын орындауға қолданады. Ал 2 миллионнан астамы өзін мазалаған мәселелер бойынша кеңес алу үшін AI жүйелеріне жүгінетінін айтқан.

ЮНИСЕФ жасанды интеллектінің кең таралуы оны реттеу шараларынан озып кеткенін, соның салдарынан балалардың қауіпсіздігіне төнетін қауіптің артып отырғанын ескертеді.

Ұйымның бағалауынша, жасанды интеллектінің балалардың когнитивтік дамуына, эмоциялық жағдайына және цифрлық тәуелділіктің қалыптасуына ұзақ мерзімді әсері әлі толық зерттелмеген.

Сауалнамаға қатысқан балалардың үштен бірі алаяқтық, жалған ақпарат тарату және алдау үшін AI қолданылуы мүмкін деп алаңдайтынын білдірген. Сонымен қатар, төрттен бірі өздерінің фото және бейнематериалдары қолдан жасалған жалған контентке айналып кетуі мүмкін деп қауіптенетінін айтқан.

ЮНИСЕФ көптеген жасанды интеллект жүйелері балаларға арналған жеткілікті қорғаныс тетіктерінсіз іске қосылатынын атап өтіп, үкіметтер мен технологиялық компанияларды балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін AI-ді реттеудің басты бағытына айналдыруға шақырды.

Бұл есеп БҰҰ аясында өтетін жасанды интеллектіні басқару жөніндегі алғашқы жаһандық диалог қарсаңында жарияланды. Ұйымның пікірінше, бүгін қабылданатын шешімдер балалардың қауіпсіздігіне, жеке өмірінің қорғалуына және цифрлық ортадағы мүмкіндіктеріне алдағы ондаған жыл бойы ықпал етеді.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.