VIP-НӨМІРЛЕРДІҢ БАҒАСЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Көліктердің VIP санатындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері 2014 жылдан бері сатылымда бар. Қазақстандықтар қалауынша сандар тізбегін таңдап, бірдей әріптерге тапсырыс бере алады.

2019 жылы ел азаматтары автоХҚО арқылы 3,018 млрд теңгеге 12 658 ерекше тіркеу нөмірін сатып алған. Бұл қаржылай көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда жарты миллиард теңгеге кем. Онда қазақстандықтар 14 909 VIP нөмірі үшін 3,560 млрд теңге жұмсаған. Айта кетейік, ол уақытта мамандандырылған ХҚО-мен қатар ерекше нөмірлерді полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімдері де рәсімдейтін.

Бүгінде ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың рейтингін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр. Қазіргі таңда Түркістан облысында да қызығушыларға 13 белгісімен VIP-нөмір түрлерлері көптеп ұсынылған .

Көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz  арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.

2020 жылы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты VIP-нөмірлердің бағасы өзгерді.

Атап айтсақ,

  • 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмерлері 151 107тг яғни 57 (АЕК) болса,
  • 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 белгілері мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 302 214тг (114 АЕК).

Сонымен қатар,

  • 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 363 187тг  (137 АЕК),
  • 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999  мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 514 294 тг (194 АЕК).
  • 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмерлері 604 428 тг (228 АЕК),
  • 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 755 535 тг (285 АЕК)
  • әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда) 151 107 тг (57 АЕК).

 

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық: Кімдер ілігеді, нені білу керек? 

Құжат бойынша әкімшілік амнистия 2026 жылғы 17 наурызға дейін жасалған кейбір құқықбұзушылықтарға ғана қолданылады.

Алматыда биыл 790 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Алматы мектептерінде түлектерге аттестат тапсыру рәсімі аяқталды. Биыл қала бойынша 20 803 оқушы мектеппен қоштасса, 30 380 оқушы 9-сыныпты тәмамдады. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері мәлімдеді.

24 маусымнан бастап 2000 теңгелік ескі банкноталар айналымнан шығады 

Ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталарды айырбастауға әлі мүмкіндік бар, бірақ сауда орындары оларды қабылдамайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады 

Мемлекет басшысын Еуропалық кеңестің президенті Антониу Кошта арнайы шақырған.

Қыркүйектен бастап мұғалімдер мен оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр? 

Жаңа заңға сәйкес мектептерде телефон қолданудың ережесі бекітіледі, ата-аналардың жауапкершілігі күшейеді, ал педагогтердің құқықтары нақты айқындалады.