Абай облысы бойынша ҚАЖД №23 әйелдер колониясының сотталғандары мекеме аумағында орналасқан орта білім беру мектебінде оқытатын мұғалімдерді мұғалімдер күнімен құттықтады.
Сотталған әйелдер өз көрермендеріне мерекелік концерт ұсынды, әндер орындады және
мектеп туралы өлеңдер шырқады.Өз өлеңдерінде білім алушы сотталғандар педагогтардың рөлінің маңыздылығын атап өтіп,
қиындықтарды жеңуге және көмектескендері үшін, олардың шыдамдылығы мен қамқорлықтарына және қолдауларына алғыстарын білдірді.
Ұстаздардың арқасында олардың өсу мүмкіндігі барын білдірді.
«Менде ешқашан білім болған емес, сотталғанға дейін мен ата-әжеммен бірге тұрдым ,олардан айырылғаннан кейін
мен жалғыз қалдым мен достарымның жаман ортасына түсіп жеңіл ақша тапқым келді . Содан кейін мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін 6 жылға бас бостандығынан
айырылдым.Колонияға келіп мен әкімшіліктің арқасында түзету жолына тұрдым.
Сондай-ақ, мен колонияның мұғалімдерінің арқасында
білім алу үшін мектепке бардым, қазіргі уақытта мен 10 сыныпта оқимын және маған оқыған ұнайды,бұрын оқымағаныма қатты өкінемін», — дейді колониядағы ең жас 22 жасар сотталған оқушы.
«Мұғалім мамандығы-педагогикалық салада ғана емес,сонымен қатар жазаларды орындау жүйесі саласында да аса маңызды мамандықтардың бірі болып табылады.
«Білім беру»-сотталғандарды өмірге бейімдеудің кілті және
бостандыққа шыққаннан кейін өзін қоғамда жоғалтпауға мүмкіндік», — дейді
№23 мекеменің сотталғандар арасында тәрбие бөлімінің бастығы Ақмарал Қайранова.
Іс шара соңында әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан сотталғандар
олардың қажырлы еңбегі,шыдамдылығы және алған білімдері үшін құрмет пен алғыс көрсетіп,сотталған әйелдер өз қолдарымен суреттер салып, мұғалімдеріне сыйлады.