Ұлттық қор — балаларға: қазақстандықтар қанша қаражат шешіп алған?

Қаржы министрлігі «Ұлттық Қор — балаларға» жобасының орындалу барысы туралы мәліметтерді жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ мәліметтеріне сәйкес, 1 наурыздағы жағдай бойынша 775 адам тұрмыс жағдайын жақсарту және оқу ақысын төлеу үшін 42 мыңнан аса АҚШ долларын шешіп алған.

2024 жылдың басында нысаналы талаптарға қатысушылардың саны 6 919 131 адам болды, оның 304 815-і 2024 жылы 18 жасқа толған.

18 жыл iшiнде орташа инвестициялық кiрiстiң 50 пайызынан қалыптасқан есептеулердің жалпы сомасы 695 519 269 АҚШ доллары болды, әрбiр балаға 100,52 АҚШ доллары есептелді.

«2024 жылы кәмелет жасқа толған балалар үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на 30 640 003,80 АҚШ доллар қаражат аударылды», — деп толықтырды Қаржы министрлігі.

Еске салайық, Қазақстанда қаңтар аяғында балаларға Ұлттық қордан ақша түсе бастады. Бағдарламаға қатысушылар 2023 жылға арналған арнайы шоттарға 100,52 доллар алды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.