«Украина президенті деп жариялағысы келеді». Януковичтің ұшағы Минскіге қонды

Дүйсенбіде, 7 наурызда Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің ұшағы Мәскеуден Минскіге қонды. Борт сол күні кешке Минскіден ұшып кетті. Бұл туралы «Украинская правда» жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым ақпаратына сәйкес, экс-президенттің ұшағы аптасына бірнеше рет Ресей аумағында ұшып, содан кейін Беларусьте қонған: Мәскеуден Орынборға, Орынбор — Мәскеу, Мәскеу — Мурманск, Мурманск — Сочи, Сочи — Мәскеу, Мәскеу — Сочи, Мәскеу — Санкт-Петербург, Санкт-Петербург — Мәскеу және Мәскеу — Минск бағыттарымен қозғалған.

Бұған дейін украиналық БАҚ Ресей Януковичті «Украина президенті» деп жариялағысы келетіні туралы ақпарат таратқан болатын.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та Украинаның қазіргі президенті Владимир Зеленскийді билікті «заңды» мемлекет басшысы Виктор Януковичке беруге шақырды. 

Осыған ұқсас үндеулерді Ресей мен Украина депутаттары да айтқан. 

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.