ТЖ кезінде соттардың жұмыс істегені не себепті маңызды

Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов төтенше жағдай кезінде сот органдарының жұмысына қатысты пікір білдірді. Құзырлы мекеме өкілі ТЖ режимі уақытысындағы сот қызметінің маңыздылығын түсіндіріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айдос Сәдуақасов елдегі жағдайға қарамастан, соттар жұмысын тоқтатпауға тиіс екенін айтты. Бұл мәселеге қатысты ойын ол өзінің Facebook парақшасында жеткізген.

«Құрметті достар! Соңғы кездері әлеуметтік желіде төтенше жағдай тұсында соттар қызметін толық тоқтату туралы пікірлер жиі айтыла бастады. Осыған орай келесі жаттарды түсіндіріп өтуді жөн көріп отырмын. Соттар, атап айтқанда, құзыретіне адам құқығын қорғау мәселелері жататын тергеу және әкімшілік соттары жұмысты тоқтатпауы тиіс.

Соттарға жеке адамға қарсы (ұрлық, бұзақылық, тонау) және биліктің заңды талаптарына бағынбау қылмыстары бойынша жазаны күшейту миссиясы жүктеліп отыр. Мұндай шаралар криминалдық ахуалдың күрделеніп кетуінің алдын алуға, қоғамдық тәртіпті, мемлекеттік құрылымды және адам құқықтарын сақтауға бағытталған. Бұл — елде жарияланған ТЖ кезінде айрықша маңызды қадам. Жоғарғы Сот Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, ТЖ жағдайында республика соттарының сот төрелігін жүзеге асыруы бойынша бірқатар шаралар қабылдады

Еске сала кетейік, судьялар мен сот қызметкерлерінің 70% қашықтықтан жұмыс тәртібіне көшті. Бас прокуратурамен бірлесіп, заңдылықты, құқық тәртібі мен қылмыспен күресті қамтамасыз ету бойынша тиісті алгоритм қабылданды. Осы ретте президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық тәртіпті сақтауға айрықша мән бере келе, ТЖ кезінде құқық бұзушылықтың артуына жол бермеу қажеттігін атап өтті. Полицияның осы бағыттағы жұмысына армия мен Ұлттық ұлан да атсалысуда» , — деп жазды Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.