Тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасады деген күдіктілер ұсталды — ҰҚК

ҰҚК тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігіне іліккен адамдар тобын, оның ішінде шетел азаматын ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады.

ҚР ҚК-ның 175-бабы 1-бөлігі («Мемлекетке опасыздық жасау»), 176-бабы («Тыңшылық») және 185-бабы 3-бөлігі («Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету») бойынша қылмыстық істер қозғалды», — делінген хабарламада.

Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

ҰҚК мәліметінше, қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.