12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ТУМЫСЫ БӨЛЕК ТҰЛҒА

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап қолданыста болған «Қазақ КСР-нің сот жүйесі туралы» заңға 1992 жылы 24 маусымда сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Сондықтан, бұл маңызды күн «Судья және сот қызметкерлерінің күні» болып белгіленді. Мұндай мерейлі мерекедегі мақаламыз «Судьялар күні» болашақта болатынына сеніп, үнемі айтып жүретін, бірақ сол мерейлі сәтке жете алмай қалған сот ардагері Жалғас Садықов туралы болмақ. Өзімнің өмір жолымда көптеген жақсы басшылар кезікті. Алайда, сот саласында менің қалыптасуыма үлкен ықпал жасаған адамның бірі осы – Жалғас СӘҢКІБАЙҰЛЫ.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында 1947 жылы 25 желтоқсанда дүниеге келген, 1966 жылы Шалқар орта мектебін, 1970 жылы Ақтөбе пединститутын, 1974 жылы Москвада КСРО ІМ академиясын бітіріп, еңбек жолын қатардағы мұғалім болып бастаған ол ішкі істер, прокуратура органдарында бірталай қызметті абыроймен атқарды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық сотында және ұзақ жылдар Шалқар аудандық сотында төрағалық етіп, ерен еңбегімен елдің ерекше құрметіне бөленген азамат. Ол кісі тумысынан еңбекқор, жаңашыл, қарапайым адамдардың мүддесі үшін жанкештілікке, басын қатерге тігуге дейін баратын биік тұғырлы тұлға. Ағамыз шындық үшін бар күш-жігерін, білімі мен біліктілігін жұмсады. Аппақ арына шаң жуытпай өмірдің сан сынағынан сүрінбей өтіп, ел сенімін абыроймен ақтаған ғибратты өмір жолы жас ұрпаққа өнеге, ерекше тағылым. Ешкімнің алдында қаймықпай, әділдіктің алдаспанын биік ұстай білуінің өзі оның өмірден алған өлшеусіз тәжірибесі, іскерлігі, принципшілдігі, табандылығының арқасы. Әлсізге қорған бола жүріп, әр істің байыбына терең барып, әділетті шешілуіне, талай кеудесіне нан піскендер мен заңды белден басқандарды тәубесіне келтіру көп қажыр-қайратты талап еткені шындық. болмысынан мәймөңкелеуді жаны сүймейтін тік мінезді, қарамағындағыларға қатал талап қойғыш ол ешкімнің ығына жығыла қоймады, өз ұстанымын іскерлік қабілетімен ұштастыра білді. Саналы ғұмырын құқық қорғау және сот саласына толықтай арнаған әріптесіміздің өнегелі өмір жолы кейінгілерге үлгі. Осындай ағаның батасын алған, оның қолынан қызметтік өмірге жолдама алған жандардың жадында Жалғас ағаның бейнесі білікті басшы, тәлімді тәрбиеші ретінде мәңгі жаңғырып тұра бермек. Дүниетанымы кең, зиялы жанның артында қалған мұрасы да өлшеусіз. Мәселен, «Би беделі біліктілікте» деген кітабында сот саласының мамандары үшін өмірден түйгені мен тәжірибесін бізге мирас етті. Сол уақыттағы Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Иран Әміров «Жалғас Сәңкібайұлының еңбектері өте мағыналы, тәлімді», деп жоғары баға берген. Ұлағатты жанның өмір жолындағы өзгелерге үлгі болған тағы бір қасиеті – ұлтжандылығы. Ұлттық сананың қайнар көзі – тіліміз бен салт-дәстүрімізге үлкен мән берген аға туралы жырақтағы ырғыздықтардың сол уақыттағы аудандық сот төрағасы Жалғас Садықов туралы әңгіме қозғап: «Мұндай соты бар жұрт бақытты» дегені есімізде. Жалғас Сәңкібайұлының сот саласындағы елеулі еңбегі бағаланып, 2010 жылы «Үш би» Құрмет белгісінің иегері, «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» атағын алып, Шалқар ауданының Құрметті азаматы атанды, әрі Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Осындай ағаның тәлімі мен тәжірибесі кейінгі ізбасарлары үшін нағыз өмір мектебі болды десем, қателеспеймін. Дана халқымыз «Билік айту – оңай, біліп айту – қиын» екендігін тегін айтпаған. Бұл қай кезде де билердің білімі мен білігі халықтың жіті назарында болатынын көрсетеді. Халық төреліктен адалдықты, әділдікті, заңдылықты, біліктілікті көре білгенде ғана сотқа сенімі артып, беделдің нығаятыны анық. Иә, тау алыстаған сайын биіктей түседі. Жалғас Сәңкібайұлының да тау тұлғасы жыл өткен сайын биіктеп, жадымызда мәңгі жаңғырып тұра бермек…

Сауле ТАНИМОВА, Ойыл аудандық сотының төрағасы АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,

Нұрайдың өліміне қатысты іс: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа дерек айтылды.

Биыл елімізде жылыжай саны 10%-ға өсті

2026 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында 2 319 жылыжай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп.

Әлемде алтын бағасы қымбаттады. Сарапшы не дейді?

2025 жылдың соңында жаһандық алтын нарығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Алтынға деген жалпы сұраныс, биржадан тыс операцияларды қоса алғанда, 5 002 тоннаны құрады.

Жаңа Ата заңда адам құқығы қалай күшейеді?

Конституциялық реформа мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, егемендік пен тәуелсіздікті қорғауды нақты қағидаға айналдырумен қатар, биліктің алмасуын айқын әрі мызғымас тетік арқылы бекітуді көздейді.