ТҮЛЕКТЕР ГРАНТ БӨЛУДЕГІ ТЕҢСІЗДІККЕ ӨКПЕЛІ

Мектеп бітіруші түлектердің мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін асыға күтетіні белгілі. Түлектер үшін биылғы жыл тосын жаңалыққа толы болды. Грант бөлудегі теңсіздік, ауылдық квота мен төтенше жағдай аймақтарындағы шәкірттерге берілген айрықша мүмкіндік жоғары балл жинаған талай түлектің арманын аяқсыз қалдырды. 

Әрине, ауылдық квотаның жайы бұрыннан белгілі. Ол ауылдық жерде тұратын жастардың жоғары білім алуына жол ашуға бағытталған. 2024 жылы бұл квота 35% құрап, көптеген ауыл түлектерінің мүмкіндігін кеңейтті. Ал биыл бұл жеңілдікке қосымша төтенше жағдай аймақтарынан келген студенттерге арнайы гранттар бөлінген. Ең қызығы, мұндай игілік жалпыға ортақ гранттар есебінен үлестіріліп отыр. Өкінішке қарай, бұл жүйе қала мектептерінің жоғары балл жинаған түлектерінің жолын кесті. Соның бірі – Әйгерім Жүнісбек. Алғыр қыз ҰБТ-дан 109 балл жинап, туризм мамандығын таңдаған. Бірақ, грантқа ілінбеген. Себебі, төтенше жағдай аймағынан келгендер 98 баллмен оқуға қабылданыпты.

– Бір жарым жыл еңбегіміз зая кетті. Әрине, төтенше жағдай аймағында тұратындарға жеңілдіктің берілгені орынды. Бірақ ол аймақтардағы барлық ауылды су басқан жоқ қой. Меніңше министрлік жалпы гранттарға тиіспей, оларға бөлек грант бөлуі керек еді, – дейді Әйгерім Жүнісбек. Ал Бақытбек Назерке Талғатқызы 127 балл жинап, журналистика мамандығына түсе алмаған. Оның орнына 120 балл жинаған және төтенше жағдай орын алған аймақтан келген түлектер грантқа ие болды. Назеркенің де министрлік шешіміне өкпесі қара қазандай. «Менің де грантта оқығым келеді. Сол үшін күні-түні ұйықтамай дайындалдым. Бірақ менің грантымды басқаға бере салды. Әрине, бұл әділетсіздік. Неге мемлекет біздің есебімізден апатты аймақтағы жастарға жағдай жасауы керек?» – дейді ашынған Назерке Талғатқызы. 

Түлектердің базынасы орынды. Десек те, мұндай реніш туындамас үшін құзырлы орган грант бөлудегі жаңалықты алдын ала таныстырып, талаптарын алдын ала айтуы керек еді. Сонымен қатар, бізде әлі күнге дейін мамандық таңдауға жауаптылықпен қарау жағы кемшін. Егер мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдаудың қыр-сыры, жастар көп қызығатын мамандықтарға түсудің де қиын болатыны жан-жақты түсіндірілсе, бүгінгідей өкпе-реніш азаяр еді. Мәселен, биыл медицина, ақпараттық технологиялар (IT) және құқық, стоматология, аудармашы, дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығын таңдағандар басым. Медицина саласында бір орынға шамамен 8-ден 15 талапкерге дейін үміткер болса, IT саласында бір орынға 10-13 талапкерден келеді. Құқықтану саласында да бәсекелестік деңгейі жоғары. Жыл сайынғы статистика мен орын санын көрсете отырып, түлектердің өз мүмкіндігіне қарай мамандық таңдауына жол нұсқау – мемлекеттік қамқорлықтың бір түрі. Бізде осы жағы әлі күнге ақсап тұр.

Аружан МАУЛЕНБАЙ

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.