Трамп Қазақстанның барлық тауарына 25 пайыз баж салығы cалынатынын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вашингтон 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25 пайыз баж салығын енгізетінін хабардар етіп, хат жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақ үй басшысы хат мәтінін Truth Social желісіндегі парақшасында жариялады.

«2025 жылғы 1 тамыздан бастап секторлық баждардан бөлек, Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына жіберілетін кез келген тауарға небәрі 25 пайыз мөлшерінде баж салығын саламыз», — деп жазылған құжатта.

Трамп АҚШ пен Қазақстанның сауда қатынасын талқылауға уақыты болғанын айтты, дегенмен ол қазір Вашингтон «ұзақ мерзімді тапшылықтармен» күресу маңызды деп санайтынын жеткізді. Америка басшысының айтуынша, баж АҚШ-та тікелей тауар өндіретін компанияларға қолданылмайды.

«Қандай да бір себептермен сіз де тариф енгіземін деп шешсеңіз, оларды қай деңгейде енгізсеңіз де, біздің 25 пайызға қосылады. Бұл тарифтер сауда кедергілерін түзету үшін қажет екенін түсініңіз. Сауда теңгерімсіздігі біздің экономикамызға және ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндіреді!» — деп жазылған хатта.

Трамп дүйсенбіде 10-нан аса елге осындай хаттар жіберді. Соның ішінде Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия және Туниске 1 тамыздан бастап 25 пайыз көлемінде баж салығы қолданыла бастайды. Оңтүстік Африка, сондай-ақ, Босния мен Герцеговина үшін баж 30 пайыз, Сербия мен Бангладеш үшін 35 пайыз, Индонезия үшін 32 пайыз, Лаос пен Мьянма үшін 40 пайыз деңгейінде белгіленеді.

Бұған дейін не белгілі?

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялады. Мәселен ЕО елдерінен келетін тауарға 20 пайыз, Швейцария үшін 31 пайыз, Ұлыбритания үшін 10 пайыз, Израиль үшін 17 пайыз, Қазақстан үшін 27 пайыз болады делінді.

Ең жоғары төлем Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз), Лаосқа (48 пайыз) жүктелген еді.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.