12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Той — ұлттық кодтың айнасы: салт дәстүрді сақтаудың заманауи жол

Қазақ қоғамында той – тек отбасылық қуаныштың емес, ұлттық бірегейліктің көрінісі. Той мәдениетін зерттеушілердің айтуынша, қазақтың тойы ғасырлар бойы елдің әлеуметтік өмірін, рухани дүниесін, тіпті тәрбие жүйесін қалыптастыруға үлес қосып келеді. Осы ретте той жүргізушілері де салт-дәстүрдің сақталуы мен жаңғыруында маңызды рөл атқарып келеді. Яғни тойларда ұлттық салт дәстүрдің ұмытылмасы үшін түрлі жолдармен ұлт санасына ұлттық құндылықтарымызды, ұлттық маңызы зор тәлім тәрбиені сіңіріп келді.

Солардың бірі тәжірибелі той ұйымдастырушы Женисбек Зайтбекович. » Қазіргі тойдың басты ерекшелігі – ұлттық мазмұнға сұраныстың артуы болып отыр. қазақтың ұлттық киімдері бұрын тек ұлыстың ұлық мерекесі наурызда ғана киілетін болса, қазір тойларда бала шағасы, немере шөберелерімен ұлттық киімде шығуға тырысатындар көбейіп келеді. Той арқылы халқымыздың ұлттық киімдерге деген ықыласын байқап отырмыз. Ұлттық киімдер де заманауи сұранысқа бейімделіп, барынша түрленіп, сәнді, стилді болып қалыптасып келеді. Қазақ тойы – ұлттың айнасы. Біз не жоғалтсақ, тойдан бастап жоғалтамыз; не сақтасақ, тойдан бастап сақтаймыз” дейді Женисбек ағамыз.

Қазақы тойдың сәні мен салтанаты көбіне оның ұйымдастырылуына байланысты. Сахна сыртында қарапайым көрінгенімен, той ұйымдастырушының еңбегі өте күрделі, уақытпен санаспаған дайындық және көпшілікпен жұмыс істеудің үлкен жауапкершілігі бар. Олардың жұмысы — тек той қонақтарына тост айтқызу емес. Ол ценарист, режиссер, психолог, тіпті кей сәтте күйзеліске қарсы маман. Әр түрлі мінездегі жүздеген адамды бір арнаға бағыттап, көңіл-күйді көтеріп, отбасылық қуанысты жарасымды түрде жеткізу – кәсіби білікті талап етеді. Олар тойға бірнеше күн бұрын дайындалады. Сценарий құрастырады, салт-дәстүр элементтерін реттейді, музыкалық ретпен келіседі; той иесі туралы ақпарат жинайды, қонақтардың жас ерекшелігіне қарай контент қалыптастырады.

Той күні той ұйымдастырушының жұмысы одан да күрделі. Ол залдағы атмосфераны бақылап, эмоцияны басқарып, уақыт кестесін дәл ұстап, күтпеген жағдайларда да саспай шешім қабылдауы тиіс. Қонақтың көңілі түссе де, микрофон істемей қалса да, мәзір кешіксе де – бәрінің жауапкершілігі, ең алдымен, той ұйымдастырушы маманға түседі. Кәсіби евент орталық жетекшілері “той – бұл бір күндік мереке, бірақ сол күнді мінсіз ету үшін біз апталап еңбек етеміз” дейді. Олардың пікірінше, тамада — тойдың жүрегі. Оның сөз саптауы, мәдениеті, тапқырлығы мен энергетикасы тұтас мерекенің деңгейін анықтайды. Сонымен тойға дұрыс асаба таңдау өте маңызды. Қазақ қоғамында той – мәртебе, ал тойды абыроймен өткізу – үлкен міндет. Сол міндетті атқарып жүрген той ұйымдастырушылардың еңбегі көп жағдайда бағаланбай жатады. Бірақ шын мәнінде, олар – ұлттың мәдениетін сақтап, дәстүрін дәріптеп, әр отбасының қуанышын есте қаларлық деңгейде өткізетін кәсіби тұлғалар.

Осы орайда жақында Женисбек Зайтбекович «Намыс» төсбелгісімен марапатталды. Бұл да болса той саласында жүрген мамандардың қоғамдағы орнының айқындалғанының бір көрінісі болса керек.

Сондықтан қазақтың тойы ұлттық рухтың тірегі ретінде дами бергей!

Доверие в цифрах и опыте: HONOR подвел итоги года в Казахстане

Компания HONOR, мировой бренд, развивающий экосистему устройств на базе...

Қазақстандық стартап Stanford University жанындағы жабық акселераторға қабылданды

Қазақстандық TrustMe IT-компаниясы Stanford University жанында жұмыс істейтін әлемдегі...

Партия «Байтақ» представила стратегию развития и планы на 2026 год

В Астане проходит IV Республиканский съезд партии зелёных «Байтақ»....

«Елді экологиялық мәдениетке тәрбиелеуіміз керек» — Азаматхан Әміртай

Астанада «Байтақ» жасылдар партиясының Республикалық IV Съезі өтіп жатыр....

Женисбек Заитбекович — «Мықты ұйымдастырушы»: той мен концерт өнерін жаңа деңгейге көтерген шебер

Биыл Қырғыз Республикасының Мәдениет министрлігі мәдени іс-шаралар мен кең...