Тоқаевтың Ресейге сапары: 11 бірлескен құжатқа қол қойылды

Мәскеуге жұмыс сапарымен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Екі ел басшысы бірнеше саладағы ынтымақтастық туралы 11 құжатқа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Ресей басшыларының кездесуі барысында білім беру саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілді. Инженерлік-техникалық саладағы жоғары білікті мамандардың тапшылығына байланысты Қазақстанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және «Болашақ» бағдарламасы аясында Ресейде мамандарды әзірлеу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгені айтылды.

Келіссөз қорытындысы бойынша білім беру, теміржол, цифрландыру, ғарышты игеру және атом энергетикасы салалары бойынша мамандар даярлауға қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.

«Қол қойылған құжаттар тізімі:

1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ресей Федерациясы Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі арасындағы цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Роскосмос» ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясы арасындағы Жерді қашықтан зондтау ғарыш аппараттарының деректерімен алмасу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Росатом» атом энергиясы мемлекеттік корпорациясы (Ресей Федерациясы) арасындағы Қазақстан Республикасының атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қадрларды даярлау жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

5. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Трансмашхолдинг» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім.

6. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті» федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

7. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «МИСиС» Ұлттық технологиялық зерттеу университеті» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі (Ресей Федерациясы) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

8. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу  университеті» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

9. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «Мәскеу физико-техникалық иниституты» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

10. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (Ұлттық зерттеу университеті)» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

11. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «Нақты механика мен оптика институты» ұлттық зерттеу университеті» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум».

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...